ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ҚАЖЫБАЙ ЖАХИН АТЫНДАҒЫ «АРҚАНЫҢ АЙБОЗЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

18:37, 19 қараша 2021

ДК: Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы»  республикалық 1-ші дәстүрлі әншілер байқауы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған ән додасында жерлесіміз Бауыржан Нұрмаханов бас жүлде қанжығалап, жеңіл автокөлікке ие болды. Ал, қатысқан басқа қатысушыларда құр алақан қалмады.  Олар облыс әкімі тағайындаған арнайы ақшалай сыяқыларға ие болды.

ЕСТ.ШУМ:  МАРАПАТТАУ

РКС: Бас жүлдені қанжығалаған Бауыржан - белгілі әнші Қажыбай Жахиннің  жерлесі. Яғни, қос дүлдүл бір топырақтан түлеген. Жас әнші бала күнінен Қажыбай ағасына еліктеп өседі. Кейіннен қазақтың қос ішегін серік етіп, дәстүрлі әнге көңілі ауады. Бауыржан алдағы уақытта да Қажыбай Жахиннің әндерін насихаттауды көздейді.

СНХ: БАУЫРЖАН НҰРМАХАНОВ, БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗЫ: Өте қуаныштымын. Аздап қиын болды. Төгілген тер ақталды деп есептеймін. Алдағы уақытта да Қажыбай ағамыздың әндерін насихаттап, есімін ұлықтайтын боламын.

РКС: Қажыбай Жахин өнерді жүрегімен сүйіп өтті.  Бала жасынан ән мен жырға құмар болды. Салтанатты шараға қатысқан өнер иесінің ет жақындары дарабоз әншіні осылай еске алды.

СНХ: ЕРСАЙН ЖАХИН, ҚАЖЫБАЙ ЖАХИННІҢ АҒАСЫ: Қажыбай ауыр жұмыс істемеді. Бала күнінен домбыраға әуес болды. 3 жасынан домбыра тарты. +көп рахмет ұйымдастырушыларға. Ініміздің атын жаңғыртып жатыр.

РКС: Шымылдығы осы жылы түрілген сайыс дәстүрлі додаға айналмақ. Осылайша, жас әншілер ән ордасы Көкше жерінде жыл сайын бас қосатын болады. Ұйымдастырушылар да осы игі бастаманы әрі қарай жалғастыруды мақсат тұтып отыр.

СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  Иә, алдағы уақытта бұл сайысты дәстүрлі ету жоспарда бар. Тым болмаса 2 жылда бір өтіп тұрсада дұрыс болар еді. Себебі, Арқаның Айбозының әндері мен есімі ұмытылмау керек.

РКС: Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов қаумалаған қарашаға өңір басшысының құттықтау сөзін жеткізді. Сондай-ақ, қазақтың бағзы салтымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, қазылар алқасының төрағасы Рамазан Стамғазиевке иығына шапан жапты.

Ест.шум шапан жабу сәті

РКС: Сайыс қортындысы бойынша 3 орынды Петропавл қаласының өкілі Еркебұлан Қарыпов иеленді. Ал, елордалық Өзгеріс Шерікбай 2 орынға табан тіресе, Алуа Қалымбекова 1 орын алып, 1 млн.теңге қанжығалады. Бас жүлдені иеленген көкшелік Бауыржан Нұрмұханов темір тұлпарға қол жеткізді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...