ШҰҒЫЛ! «МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ» ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!

19:40, 7 сәуір 2021

ДК: 7 сәуір даңқты жерлесіміз, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың дүниеге келген күні. Биыл батыр балуанның туғанына тура – 150 жыл. Дәл осы тарихи күн қарсаңында Қажымұқанның бүгінгі ізбасары саналатын әлемнің 4 дүркін чемпионы Сергей Цырульников әлемдік рекорд орнатты. Атақты балуан атындағы ауылда өткен шараға әріптесім Абзал Азаматұлы да қатысып қайтты.

РКС:Сергей Цырульников әрбіреуі 940 келіге шыдайтын төрт бірдей темірді небәрі 37 секундтың ішінде майыстырып тастады.  Ол осылайша әлем алдында өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал, осы жетістігін рухани ұстазы есептейтін Қажымұқан балуанның 150 жылдығына арнады.

СНХ:   СЕРГЕЙ ЦЫРУЛЬНИКОВ,  4 ДҮРКІН ӘЛЕМ РЕКОРДШЫСЫ //Аударма///Это сертификат наверное самый значимый, самый дорогой для меня... Бұл сертификаттың мен үшін маңызы зор. Осылай әлем рекордын жаңарту арқылы өзімнің рухани ұстазым Қажымұқан балуанның рухына құрмет көрсеткім келді. Сондай-ақ, жақында Қажымұқан туралы фильм түсірілгелі жатыр. Ол жерде балуанның мықтылығын көрсету үшін түрлі спорттық тәсілдер орындауға дайындалып жүрмін.

РКС: Салтанатты шараға Қажымұқан Мұңайатпасұлының көзін көрген ұрпақтары да қатысты. Солардың бірі  - Мұхтар Ахметов. Ақсақал атақты балуанмен бірнеше мәрте кездесіп, сырласқанын айтады.

СНХ: МҰХТАР АХМЕТОВ, ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ///қаз///Көзін көрдім. Ірі кісі еді. Өмірінің соңғы жылдарында Шымкент қаласының маңындағы Темірланда тұрды.Өте қарапайым еді. Ұрпақтары бар. Осы ауылдың өзінде 5-6 отбасы тұрады.

РКС: Исі қазаққа ортақ тұлға атанған батыр балуанның биылғы мерейтойы республика көлемінде тойланады. Яғни, ел көлемінде осы жылы көптеген мәдени, спорттық шараұйымдастырылады деп жоспарланған. Бұл туралы шараға қатысқан белгілі спорт жұлдызы, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атап өтті.

СНХ: СЕРІК СӘПИЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ///қаз, есть рус///Биылғы жыл балуан бабамыз Қажымұқанның 150 жылдығымен ерекшеленіп отыр. Мәдениет және Спорт министрілігі ақпан айында елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп интернатында аты аңызға айналған Қажымұқанның 150 жылдығының салтанатты ашылуы өтті. Біз жалпы республикалық жоба әзірледік. Енді сол жоба  аясында осындай шаралар жыл бойына өтетін болады.

РКС: Даңқты жерлесіміздің есімі Ақмола облысында кеңінен таралған. Бүгінде облыс орталығында 1 спорт кешені, Целиноград ауданындағы 1 мектеп және 1 ауыл балуан есімімен аталады. Ал, енді осы Қажымұқан ауылындада алып күш иесінің құрметіне жаңа спорт нысаны салынады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, тау тұлғаның атын насихаттауда басқа да шаралар қолға алынбақ.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз///есть рус/// Қажымұқан атамыз халықаралық аренада қазақтың атын әлемге таныстырды. Биыл біздің өңірде балуан бабамыздың мерейтойына орай көптеген шаралар өткізіліп жатыр.....

РКС: Дүркіреген дүрмекке жиналған меймандар ауыл іргесіндегі балуан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

РКС:Айта кету керек, Қажымұқан Мұңайтпасұлы әлемнің 54 мемлекетінде бақ сынасып, 48 медаль олжалаған. Боз кілемде атой салған оның еш жерде белі бүгіліп, мысы басылмаған. Бүгінде балуанның осы ерлігіне сүйсініп, қазақ күресіне бет бұрғандар қатары көбейді. Балуанның туған күніне орай дәл осы қазақ күресінен облыстық ашық чемпионат та ұйымдастырылған. Яғни, мерекелік кеш соңы спорттық шараға ұласты.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ФЕСТИВАЛЬ
13:45, 21 маусым 2021
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ФЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар