ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

КЕШ КЕЛГЕН «ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ»

13:41, 20 мамыр 2020

 

ДИКТОР: 77 жылдан соң оралған орден. Телеарнамызға майдангер ұрпағы хабарласты. Ол әкесінің ағасы қан майданда «Қызыл Жұлдыз» иеленген батыр болғанын күні кеше ғана білген. Бір өкініштісі, мұндай атағы бар екенін батырдың өзі де білмей дүниеден өткен. Толығырақ тілші материалында.

 

Ест шум (Мәмбетәлі ақсақал сөйлеп отырады)

РКС: Қолындағы сонау 1943 жылы әкесінің ағасына берілген «Марапат қағазын» желбіретіп бізге қуанып жеткен осы Мәмбетәлі ақсақал. Соғыс басталған жылы қан майданға Құрманғожин әулетінің үш ұлы да аттанған. Кенже ұлы Әбутәліп із-түссіз жоғалып кетеді. Ал ағайынды Мүсілім мен Зұлқарнайын бір полк құрамында соғысқан. Алдымен  елге үлкені Зұлқарнайын жаралы оралған. 2 жылдан соң көз жұмады. Араға 77 жыл салып Мүсілімнің артында қалған ұрпағы Ресейдің ғаламтордағы «Память народа» сайтынан оның ерен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталғанын анықтайды.

СНХ: МӘМБЕТӘЛІ МҮСІЛІМҰЛЫ, МАЙДАНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫ: //қазақша// Наградной лист дейді ғой сонда жазып отыр командир дивизии, командир полка. 150 немістің офицерін өлтірген. Өзі командир отделения болған. Сол гранатамен, винтовкамен, рукопашеный боймен қатысып, 150 солдатты өлтірген. 150 солдат үшін Герой атағын беруге болатын еді. +Скл Осыған да тәубе дейміз. 77 жылдан кейін табылды.

РКС: Мүсілім де елге жаралы оралып, 64 жасында дүние салған. Артында 7 баласы қалған. Соның бірі Мәмбетәлі аға. Өзінің ұлы да ата жолын қуып, әскери маман атанған. Енді немерелеріне баба ерлігін жыр қылып айтып отыр.

СНХ: ӘДІЛЕТ ОРАЛОВ, МАЙДАНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫ//қазақша// Мүсілім, Зұлқарнайын аталарымыздың жолын қуып, елімізге олар секілді борышымды ақтағым келеді. Аталарымыздың ерлігі ешқашан есімізден кетпейді, біз оны мақтан тұтамыз!

РКС: Зұлқарнайынның артында тікелей өзінің ұрпағы қалмаса да, бауырының балалары оның есімін дәріптеп отыр. «Ағаның өткені – інінің өткелі» деген мақал осы сәтте еске түседі екен.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...