ШҰҒЫЛ! ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ЖАС СУРЕТШІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ АРТАДЫ

21:22, 20 наурыз 2020

 

ДИКТОР: Төтенше жағдай кезінде халықты азық түлік және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін қосымша 32 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Ркс: Елде тек 4 өнімге импорттың үлесі жоғары. Олар қант, тұз, тауық еті мен сарымай. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импортына тәуелді емеспіз. Дүкендерде бағаны негізсіз өсіргендерге жаза қатаң. Ал кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер де қарастырылған. Шағын және орта бизнес өкілдері міндетті төлемнен уақытша босатылады. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін тағы 72 мың кәсіпкер 10 пайыздық жеке табыс салығынан босатылады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 300 миллиард теңге қарастырылып, 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан, Алматы қаласынан бөлек, өзге аймақтардағы сауда, ойын-сауық орталықтары адамдары тек бетпердемен кіргізуге міндетті. Келушіде маска болмаған жағдай, тегін берілуге тиіс. Вирустан қорғану талаптары жазылған жаднама да таратылады, деді вице-премьер.  

 СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 16:01 Медициналық бетперделерге келсек. Бұл Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін ескерткім келеді. Бүгінгі күнге Қазақстанда 365 мың маска шығарылады. Алдағы күндерде күніне 1 миллион данаға шейін жеткізуді нақты мақсат етіп қойдық. Оған жеткіземіз де.

ТАҚЫРЫП:  ТУРИСТЕР ЕЛГЕ ҚОР ЕСЕБІНЕН ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ТҮЙІН: Сондай-ақ, онлайн брифинг барысында Ералы Тоғжанов шетте жүрген 5 мыңнан астам қазақстандықтарды елге әкелу мәселесін де айтты. 23 наурызға дейін 18 рейс ұйымдастырылмақшы. Бұларды елге жеткізу бюджеттен емес арнайы қор есебінен жүргізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
19:37, 22 қыркүйек 2020
ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар