ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

КИІКТЕР ЕГІСТІК АЛҚАПТАРДЫ ТАПТАП ЖАТЫР

19:14, 13 маусым 2022

ДК: Егіндікөл,Астрахан,Атбасар аудандарында киік егістік алқаптарды таптап жатыр. Олар тым көбейіп кеткен. Сондықтан оларды ату керек. Шаруалар осылай деп ашуға мініп отыр. Аймақтағы ахуалды білуге экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова  арнайы келіп, жиын өткізді.

 РКС: Осыдан үш жыл бұрын елдегі киік басы шамамен 300 мыңдай еді. Кейін оны атуға тыйым салынып, браконьерлерге жаза қатайтылды. Мамандардың айтуынша биыл еліміздегі киіктердің саны 1 миллион 400 мыңға жақындаған. Киіктің өскені шаруаларға қиын боп тұр.

СНХ: ӘЛИЯ ШАЛАБЕКОВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР  ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Количество сайгаков увеличилось.Сейчас этот вопрос рассматривается. Научные организации и ученые разрабатывают биологическое обоснование. В биологическом обосновании теперь все будет известно. То ли охота, то ли регулирование численности специальными государственными учреждениями, все это вытекает из заключения биологического обоснования. ///Киіктердің саны көбейіп кетті. Қазір бұл мәселе өткір тұр. Ғылыми ұйымдар мен ғалымдар биологиялық негіздеме әзірлеп жатыр. Биологиялық негіздемеден кейін бәрі белгілі болады. Оларды атуға рұқсат беріле ме, әлде арнайы мемлекеттік мекемелер санын реттей ме, оның бәрі биологиялық негіздеменің қорытындысынан соң анықталады.   

РКС: Былтыр Егіндікөл ауданындағы шаруа қожалықтарының біріне иелік ететін Нұржан Бейсембаев 500 гектар алқапқа егілген егінімді киіктер таптап кетті деп отыр. Егер былтырғы жағдай билы тағы қайталанса, миллиондап емес, миллиардтаған теңге шығынға батуымыз мүмкін деп дабыл қағуда.

СНХ: НҰРЖАН БЕЙСЕМБАЕВ, «АРМАВИРСКИЙ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІСІ:  Под копытами сайгаков топчутся и посевы близлежащих товариществ с ограниченной ответственностью. Большой ущерб нанесли соседние товарищества в Абайском, Жаманкулакском сельских округах. Только около 10 крестьянских хозяйств и товариществ возделывали более 5000 гектаров урожая. В этом году вы сами заметили, что солнце стало очень жарким и осадков выпало мало.///Жақын маңдағы серіктестіктердің де егіндері киіктердің тұяғының астында тапталып жатыр. Біздің маңайдағы Абай, Жаманқұлақ ауылдық округтеріндегі серіктестіктер орасан мөлшерде зиян шекті. 10 шақты шаруа қожалығы мен серіктестіктің ғана 5000 гектардан астам егінін жермен-жексен етті. Биыл өзіңіз де байқап отырсыз, күн қатты ысып кетті, ылғал да аз.

РКС: Экология министрлігі биологиялық негіздеменің қорытындысынан соң атуға рұқсат етілетін киіктің шекті саны бекітілетінін айтып отыр. Мәселенің ақ-қарасы маусмымның 20-сынан кейін белгілі болмақ.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...