ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДАҒЫ ТЫНЫШТЫҚТЫ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

17:29, 12 қаңтар 2022

ДИКТОР: Елді елең еткізген дүрбелең. Қаралы қаңтар халықты әбден әбігерге салды. Төтенше жағдай режимі еңгізіліп, шектеулер қойылды. Елдегі осы жағдайға байланысты ақмолалықтар да өз пікірін білдіріп, халықты сабырға шақырды.

РКС: Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің алдында сөз сөйлеп, халықты толғандыратын мәселелерді қозғады. Ақмолалықтар Президент сөзінен кейін өз ойларымен бөлісті

СНХ: ИЛЬЯ ИЛЬИН - ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Кедейлер мен байлар арасындағы алшақтық қысқаратынына өте қуаныштымын. Жеке компаниялар біздің республикамыздың Үкіметі құратын халық қорына инвестиция салады. + + + Кәдеге жарату алымы туралы жаңалық өте қуантады. Енді көліктер біздің азаматтар үшін қолжетімді болады.

РКС: Қазақстандағы төтенше жағдай режимі барлық құқық қорғау құрылымдарының жұмысына әсер етті. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де ерекше жағдай режимі енгізілді.

СНХ: ҚАЙРАТ АЙДАРБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША  ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Яғни, сотталғандардың қауіпсіздігі барынша бақылауда.  Колониядан тыс жерге шығу тоқтатылды, сондай-ақ барлық мекемелерде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер, хабарлар және телефон арқылы сөйлесулер уақытша тоқтатылды.Осы уақытша шектеулер облыс аумағындағы мекемелердегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, сіздердің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында қабылданды

РЗК: Мемлекетте қабылданып жатқан шаралардың әрқайсысы қоғамдағы тыныштық пен келісімді сақтауға бағытталған. Барлық өңірлердегі жағдай біртіндеп тұрақтануда. Алайда, ТЖ режимі ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін енгізілгенін еске саламыз.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЗАРИНА ЖУНІСБЕКОВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...