ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ТҮРЛЕНДІ

20:36, 4 мамыр 2021

ДК: Биыл «Қоғамдық кеңестер туралы Заңға» бірқатар өзгеріс енгізілді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында жүзеге асырылып отыр. Енді қоғамдық кеңестердің қызметі кеңейтіліп, бірқатар жаңа қызмет түрі  жүктелді.

РКС: Барлық заңнамалық жаңалықтар ғылыми және іс жүзінде пысықталған. Олар қоғам мен мемлекеттің шұғыл қажеттіліктеріне, сондай-ақ жоғары конституциялық құндылықтарды қорғауға бағытталған. Қоғамдық кеңестер жұмысының барлық бағыты өзгеріске ұшырады.

СНХ: САРА БАЙМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ///аударма///Бұдан былай қоғамдық кеңес өз ұсынымдарының орындалуына қатысты мониторинг жүргізе алады. Сондай-ақ, олардың өкілеттіктеріне келетін болсақ, құқық қорғау органдары жетекшілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының, яғни ішкі істер органдарының, прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экономикалық тергеу қызметінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы туралы есептері мен ақпаратын тыңдау құқығы берілді. Яғни, олардың қызметі мен атқарылған жұмыстары туралы ақпарат ала алады.

РКС: Тағы бір өзгеріс – қоғамдық кеңестер бұдан былай есептерді тыңдап, мемлекеттік кәсіпорындардан даму жоспарларының іске асырылуы туралы ақпарат та ала алады. Мұның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысы жоқ. 

СНХ: САРА БАЙМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ///аударма///Қоғамдық кеңес мүшелеріне бұдан былай мемлекеттік сатып алуға қатысты конкурстарға қатысу құқығы берілді. Бұрын мұндай мүмкіндік болмады.  Біз қазір мемлекеттік органдарға конкурстық комиссияларда отыру үшін хат жолдадық. Тағы бір маңызды толықтыру қоғамдық кеңестерді қаржыландыруға қатысты. Бұрын олар толығымен қоғамдық негізде болған. Қоғамдық кеңестің шығындарын қаржыландыру қарастырылған. Бірінші кезекте бұл хатшының және сыртқы сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеуге қатысты. Сондай-ақ, кеңсе және іссапар шығындары.

РКС: Биылдан бастап Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ұлттық баяндама дайындалып, Мемлекет басшысының қарауына ұсынылады. Қоғамдық кеңестер мүшелері өкілеттіктерінің кеңеюіне байланысты азаматтық қоғамды дамытуға қатысты үлкен жауапкершілік жүктеледі.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...