ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ ҚЫСҚАРДЫ

20:06, 20 наурыз 2020

 

ДИКТОР: Бүгіннен бастап Көкшетаудағы қоғамдық көліктердің жұмысы оңтайландырылды. Әр маршрут бойынша  автобустардың  саны қысқарып, жүру  уақыты  өзгерді. Өйткені елде  төтенше жағдайдың жариялануына байланысты  қоғамдық  көлік  жолаушылары  38  пайызға қысқарған.

 

 

РКС:  №5 бағыттағы маршрут бойынша бүгіннен бастап 7 автобус  жүреді. Бұған дейін оның саны 11 болатын. Қазір   оқушылар  демалыста. Студенттер  қашықтықтан  білім алуда. Кей  мекеме  қызметкерлері  үйден  жұмыс  істеуде. Салдарынан жолаушылар  аз.   Сол  себепті   автобус  санының   қысқарғаны   дұрыс дейді кондукторлар.

 

 

СНХ:  ТАТЬЯНА ТОКАРЕВА, КОНДУКТОР/// РУС///    01:08 біз автобустарды  күн сайын дезинфекциялаймыз. Жолаушылардың көбі маска киіп жүр. Қазір олардың  саны  азайды.  Сондықтан  бойы бос автобуспен жүргеннен гөрі, олардың санын қысқартқан жөн деп ойлаймыз. Жолаушылардың көбі студенттер мен оқушылар  болатын. 

 

РКС: Автобус  саны  қысқарса,  оның жүру уақытының аралығы ұзарады. Сондықтан бұрыңғыға қарағанда аялдамада қоғамдық көлігіңізді  ұзағырақ күтуіңіз мүмкін.  Десе де, тұрғындар үшін бұл қиын жағдай емес.

 

 

СНХ: СТАНИСЛАВ ЖУРАВСКИЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ/// РУС/  Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Бос автобустарды жүргізіп қою  шығын әкеледі. + бастысы  қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Сондықтан бәрі жақсы. Ешқандай мәселе жоқ.

 

РКС:Ал Көкшетау автобус паркының  жетекшісі  Әсия Шаримова бұл ретте өз ұсынысын айтты.

 

СНХ: ӘСИЯ ШАРИМОВА, КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ/// РУС/  01:03 Қала тұрғындарынан  түсіністікпен қарауларын өтінемін.  Автобустар жұмыс істейді. Аялдамада ұзақ күтпей, үйден дәл уақытында шығу үшін инфобас  қосымшасын қолдануларыңызды сұраймын.

 

РКС: Осылайша, «Көкшетау автобус паркының» қоғамдық көліктері өз жұмысын таңғы жетіден бастап, кешкі онға дейін жалғастырады. Сейнур және Тұлпар парктерінің  автобустары жолаушыларды  таңғы жетіден кешкі сегізге дейін тасымалдайды.

 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...