ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

КӨКШЕ ТӨРІНДЕ «ЖАУЖҮРЕК» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

18:01, 24 қыркүйек 2021

 

ДИКТОР: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясында көбіне тарихи-классикалық қойылымдар төбе көрсетіп келеді. Оның дәлелі Жаужүрек» драмасы. «Жаужүрек» – 2010 жылғы «Тәуелсіздік толғауы» байқауында бас жүлде алған пьеса. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Дулат Исабековтің бұл шығармасы академиялық драма театрында мемлекеттік грантты жеңіп алған.

РКС: Қоюшы-режиссер Есмұхан Обаевтың театрдағы «Жаужүрегі» – драма жанрындағы спектакль. Негізі шығарма желісі бойынша патшалық Ресей империясының Қазақ елін отарлау процесі, яғни алып империя мен сайын даладағы қаймана қазақтың кереғар қарым-қатынасы, қайшылықты іс-әрекеттеріндегі тартыс мотивтері– басты кейіпкер Балуан бейнесі арқылы беріледі.Жауырыны жерге тимеген балуанды сомдаған актер Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты,Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері  Еркебұлан Дайыров.

СНХ:ЕРКЕБҰЛАН ДАЙЫРОВ,М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Бұл көрермен көзайымына айналған қойылым.Неге десеңіз,бұл жерде айтылатын әрбір ой,әрбір сөз ешбір баламасыз,өсек аяңға құрылмаған.Келген көрерменнің еліне,жеріне деген Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қойлған керемет спектакльдердің бірі.Кез келген көзі ашық,көкірегі ояу азаматтардың бәріне ұнап көңілінен шыққан  спектакль.Елім жерім деп тұрған ата-бабаларымыздың  сондай бір жанкешті, жанпоздарымзды сазналау олардың образын салу бір шетінен қиын бір шетінен қызықты.

РКС: Сергей Троицкийдің рөліндегі белгілі актер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Дулыға Ақмолда ойнады. Ол кейіпкер характерін жемтігін қақпанға түсірген қырағы мысықтай кейіпте, ұқыпты әрекеттерімен ашты. Пьесада оқырманды селт еткізер тұстар жетерлік.

СНХ:ДУЛЫҒА АҚМОЛДА, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Менің ойнайтын рөлім Ақмола губерниясының үлкен басшысын ойнаймын. Генерал губернатор.Бұл үлкен тақырыптардың бірі болып тұрған шекара мәселесі,ұлт мәселесі,тіл мәселесі деген қазіргі өршіп тұрған тақырыптардың бірі.Кешегі өткен күн мен бүгінгі өткен күнді салыстырмалы түрде өте шебер жазылған қойылым.

РКС:Спектакльде Балуан Шолақтың халық мүддесін қорғанан қайраткерлігі,махаббатқа берік бірмінезділігі көрсетіледі

СНХ:АСЫЛБЕК БОРАНБАЙ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Балуан Шолақтың ерлігі туралы ақындығы мен ғашықтығы туралы күрескерлігі туралы жалпы еліне жеріне өзінің Отанына деген махаббаты туралы Осындап бір тақырыпты қамтитын спектакль.

РКС: Дулат Исабековтің «Жаужүрегі» – қазақ драматургиясындағы тарихи қойылымдар легінің жаңа бір белесі. Бұған дейінгі театр еңбегі елеусіз қалмақ емес, әрине. Бағыбек Құндақбайұлының сөзіне сүйенсек, «бүгін де бар, ертең де рухани сұранысқа ие болатын» қойылымға айналса, баршамыз үшін ғанибет.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...