ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

17:52, 10 маусым 2021

ДК: Көкшетау қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді. Айталық, жыл басынан бері кәсіпорындарда 68,4 млрд теңгегенің өнімі өндірілді. Бұл инвестиция тарту бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстың жемісі. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21,8% - ға артып, 15,1 млрд. теңгеге жеткен. Шаһардың осы және өзге әлеуметтік-экономикалық тынысы туралы тілші бейнематериалында.   

ЖКС: Халықты баспанамен қамту мәселесі оң шешімін табуда. Биыл тұрғын үй құрылысына 6,9 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Мемлекеттік бағдарламалардың аясында 74,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  (аударма) Көпшілікті толғандыратын мәселелердің бірі баспанамен қамтылу. Қазіргі уақытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында  21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауданы 67 мың шаршы метрден асады. Ал жалпы құны 8,9 млрд.теңгені құрайды. Жыл соңына дейін Көкшетау қаласында жалпы ауданы 30 мың шаршы метрден асатын 16 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Бірақ, айта кетейін қазір елімізде құрылыс материалдарының бағасы өсіп, қымбаттаушылық байқалады. Бұл өз кезегінде құрылыс саласына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан да салынып жатқан құрылысты тапсыру мерзімдері кешіктіріліп жатады.

ЖКС: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығы жіті назарда. Бұл ретте, жергілікті тауар өндірушілерінің өнімі қойылған әлеуметтік сауда павильондары ашылды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласында да тың серпін байқалады. Қала бюджеті 7 миллиард теңгеге толығып, 61 жаңа жұмыс орны ашылған. Айта кетейік, бүгінгі күні 16 400 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп отыр.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: (аударма) Тұрғындарды қолжетімді, тұрақты бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін  "Көкше Маркет" деген атаумен 3 әлеуметтік павильоны аштық Олар Василковский және Центральный шағын аудандарында, сондай-ақ Алтынсарин, Абай көшелерінің қиылысында орналасқан. Онда әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарық бағасынан төмен бағамен сатылады. Бағаны бақылауда ұстау үшін қаланың тауар өндірушілерімен 19 меморандум жасалды.

ЖКС: Жол мәселесі де өзекті. Биыл 11 шақырым жол желісіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған 450 миллион теңге қаржы бөлінді. Ал  жартылай жөнделмей қалған Гагарин көшесін қалыпқа келтіру шаралары келесі жылға шегерілді.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: (қазақша) Мынау Гагарина көшесі былтыр басталды ғой. Подрядчик дұрыс істемеді, барлық асфальтты бұзды. Енді корректировкалар салу керек. Неге десеңіз ол потому что басынан дұрыс істемеген қағаздарын. Енді насосный салу керек. Поэтому қазір біз корректировка жасаймыз. Биыл мынау жолды істей алмаймыз біз. Ол келесі жылға қалады. Поэтому кешірім сұраймыз халықтан. Енді тосу керек.

ГҮЛМИРА АМАНБАВЕА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...