ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУ – ТҮРКІСТАН – КӨКШЕТАУ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

20:21, 22 шілде 2021

 

ДИКТОР: Көкшетау әуежайында субсидияланатын жаңа авиамаршруттар пайда болды. Тарихи әрі туристік қала Түркістанға 21 шілдеде алғашқы рейс жасалды. Бортта бірде-бір жолаушы болған жоқ. Ал қазір соңғы мәліметтерге сәйкес, 11 көкшетаулық Түркістанға ұшып кетті.

РКС: Көкшетау қаласынан түркі әлемінің рухани астанасына тікелей ұшатын әуе рейсі республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Рейсті «SCAT» авиакомпаниясы аптасына 3 рет орындайды. Борт 50 орынға есептелген. Жазғы уақытта – 1,5 сағат. Билет құны – 20 000 теңге.

СНХ: АЙБЕК КЕТЕБАЕВ, «АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» - «КӨКШЕТАУ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Түркістан қаласынан аптасына 3 рет, яғни сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері туристік бағыттағы рейс ашылды. Жаз мезгілінде Ақтау бағыты бойынша жиілікті арттырамыз.  Сол жылы бізде аптасына 2 рет болды, биыл жазда аптасына 5 ретке дейін ұлғайтылды. Басқа қалаларда, рейстердің ашылуында басқа жұмыстар жүргізілуде. Біздің азаматтарға ыңғайлы болу үшін туристерді тарту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

РКС: Көкшетау әуежайы Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейді. Әуежайда санитарлық талаптар қатаң сақталады.

СНХ: РҮСТЕМ ҚАЛИШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Бүгін біз Түркістан-Көкшетау бағытындағы жаңа әуе қатынасының куәсі болдық. Алғашқы жолаушылар келіп отыр. Бұл авиарейстің бағасы тұрақты, яғни 20 мың теңге. Көкшетау, Бурабай және Түркістан қалаларындағы жолаушылар көбейеді деп ойлаймын.

РСК: Назерке Нұрболат – Көкшетау қаласының тұрғыны. Ол жаңа рейстегі алғашқы жолаушылардың бірі. 4 жыл Түркістан қаласында оқып, Көкшетауға дипломмен оралып отыр.

СНХ: НАЗЕРКЕ НҰРБОЛАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Түркістаннан Көкшетауға келдім. Барған себебім Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқыдым. Диплом алдып, бүгін үйге қайтамын. Түркістан қаласынан Көкшетауға авиарейстің ашылғанына өте қатты қуаныштымын.

РКС: Айта кету керек, Көкшетау әуежайынан үш бағыт бойынша ұшуға болады. Олар: Алматы, Ақтау, Түркістан.  Қазақстанның басқа қалаларына да рейстер ашу жоспарланып отыр.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, КӘМШАТ ТӘКІШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...