ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУДА ГАЗ-АУА ҚОСПАСЫ ЖАРЫЛДЫ

17:55, 13 қазан 2021

ДИКТОР: Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Төтенше жағдай 12 қазан күні кешкі сағат 19:05-те Көктем шағын ауданында орын алды. Жарылыс салдарынан пәтерлер арасындағы гипскартоннан жасалған пәтераралық қабырға мен балкон қираған.

РКС: Өрт сөндіру қызметкерлері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3 адамды құтқарды, оның екеуі кәмілет жасына толмаған балалар. Оқиға орнында медициналық көмекке 2 адам жүгінді. Оның бірі жарылыс болған пәтердің тұрғыны. 1970 жылғы ер адамның аяғын 20 процент күйік шалса, тағы бір тұрғын соққы жағдайында емханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайлары қанағаттанарлық.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 22 қызметкер мен 6 арнайы техникасы жұмылдырылды. Жарылыс бір бөлмелі пәтерде орын алған. Ал оның салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

РКС: Айта кету керек, Көкшетау қаласы бойынша орталықтандырылған газбен жабдықтауды тұтынушылардың саны 41,4 процентті құрайды. Пәтерлерде тиісті жабдықтар орнатылған. Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің 4 мыңнан астам тұрғыны баллон газын пайдаланады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...