ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУҒА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ ҚАЖЕТ

19:43, 25 қараша 2021

ДК: Өткен аптада Қазақстанның бірнеше өңірлерінде жарық уақытша сөндірілген болатын. Ақмола облысының тұрғындары да энерго желісінде болған ақауды байқап қалды. Мұндай келеңсіздікке не себеп болды? Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз отырысын өткізген «Көкшетау Энерго» серіктестігінің басшылығы осы сұраққа жауап берді.

РКС: Тұрақты электро энергиясы еліміздің бірнеше облыстарына қатысты түйткілді мәселе. Бұған біздің өңірде жылу электр орталығының жоқтығын қосыңыз. Өзімізде аталмыш нысан болмағандықтан, көрші облыстардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Бұл сұрақ шешілсе, тұрғындарды үздіксіз электр көзімен қамтамасыз ету мүмкін болар еді,-дейді «Көкшетау Энерго» серіктестігінің бас директоры Досымхан Аралбаев.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫБіздің «Көкшетау-энерго» аумағында электр энергиясын өндіру көзі жоқ. Яғни, өзіміздің жылу электр станциямыз жоқтың қасы. Өткен жылы өңірге жұмыс сапарымен келгенде Президент те осы мәселеге назар аударып, станция салуды міндеттеген болатын. Менің білуімше, нысанның жобалық-сметалық құжаты дайәын. Ал, құрылыстың қашан басталатынын белгісіз.

РКС: Аталмыш жоба құны шамамен 240 млрд теңге. Қажетті қаражат бөлініп, облыс орталығында жылу электр орталығы бой көтерсе, біршама сұрақтың шешілері сөзсіз. Тағы бір әттеген-ай, серіктестік басшылығының пайымдауынша, энергетика саласының аяқ алысы нашар. Сәйкесінше, өңірлік станциялардың дамуы бәсеңсіп тұр.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫБіздің энергетикамыз төменге құлдырап барады. Өкінішке орай, бұл бағытта жоғарылау байқалмай тұр. Тек, «KEGOK» ұлттық компаниясы ғана жетістіктерімен мақтана алады. Ал, өңірлік станциялардың жағдайы көңіл көншітпейді.

РКС: Досымхан Аралбаев жарықтың қашан және қанша уақытқа тоқтатылатынын ешкім дөп басып айта алмайды,-дейді. Сондықтан, қала тұрғындарын алдын ала ескерту мүмкін емес.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...