ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУЛЫҚ ДИДЖЕЙ ТОП-100 ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

19:17, 21 шілде 2021

 

ДИКТОР: Көкшетаулық  диджей ТМД-ның  топ-100 диджейлерінің қатарына қосылды. Оның өмірінде музыкалық шығармашылық ерекше орын алады. Мьюзикмейкердің жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы толығырақ тілші  материалында.

КСМ: Абылай Балтабаев – волонтер, музыкант, вокалист, продюсерлік орталықтың негізін қалаушы әрі редактор. Шығармашылықпен өмір сүретін және музыкалық композициялар жасайтын ол 2009 жылы DJ қызметіне қызығушылық таныта бастаған көрінеді. Жақында ТМД кеңістігіндегі TOP-100 диджейлер тізіміне кіріп, 68-орынды иеленді.

СНХ: АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ — ДИДЖЕЙ: Бүгінде арманыма қарай 1 қадам болсын жақындай түстім. Мен Russian Pop Music рейтингінде 96-шы және Club house стилінде 68-ші орынға ие болдым. Музыкамен белсенді айналысуды әрі қарай жалғастырамын. Қазір өзімнің LangeDeep Radio Time шоуымды аштым. Жалпы бұл жолда барлығын өзім үйрендім, іздендім , музыкалық сауаттылықты қалыптастырдым.

КСМ: Абылай шығармашылық жолда алдынан талай қиындықтар кездессе де мойымай, тек алға ұмтыла білетін ынталы жігіт. Бүгінде музыканттың ата-анасы оны барынша қолдап, мақтан тұтады.

СНХ: АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ-ДИДЖЕЙ: Отбасымның және туыстарымның маған қалай сенетінін көрдім, олардың үміті мен ақ батасын ақтау бүгінде менің парызым деп білем. Менің ең басты мотиваторым – анам. Болашақта, әрине, Top-100-ден top-10 DJ рейтингінен өзімді  көргім келеді.

КСМ: Қазірдің өзінде  музыканттың жарқын болашағына сенетін және жаңа туындыларын асыға күтетін жанкүйерлері баршылық.

СНХ: ВИОЛЕТТА ЛЕЙМАН — КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Абылайдың тректерін 3 жыл бұрын оның концертінде бірінші рет естідім. Маған оның музыкасының тембрі ұнады. Менің ойымша, оның болашағы зор, өйткені ол өте еңбекқор және ең бастысы өз ісін жақсы көреді.

КСМ: Болашақта заманауи тректер шығарумен қатар әйгілі музықанттармен бірлесе отырып музыка жазу»- ойымда бар дейді жас DJ . Осы бағытты одан әрі жетілдіру үшін өз диджеинг мектебін ашу жоспары бар. Әлемдік DJ фестиваліне қатысып, бағын сынауда жерлесімізге сәттілік тілейміз!

КАМИЛА ӘБДЕЛМАНОВА, ЮЛИЯ ЛАГУТКИНА, МЕДЕТ КАЙЫРКЕНОВ, ФАРХАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, «КОКШЕ-АКПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...