ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

21:09, 21 қазан 2021

ДИКТОР: Ақмола облысында  өнерлі, таланатты жастар көп. Солардың бірі -  Әлихан Қайыр.  Өнертапқыш таяуда «ТМД-ға арналған 100 идея» халықаралық жастар байқауында өзінің жобасын ұсынып жеңімпаз атанды.

РКС: «Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш» . Дәл осы жобаны Жоғары Техникалық колледжінің 4 студенті Әлихан Қайыр таңдаған. 2019 жылы Көкшетаулық студенттің жобасы «AQMOLA POWER»  облыстық инновациялық конкурсында 1 орынға ие болды.

СНХ: ӘЛИХАН ҚАЙЫР,  БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ: 2018 жылдың ақпан айынан бастап мен ғылыми жоба бойынша жұмыс істей бастадым. 2019 жылдың маусым айында жобаның құрылымын жасадым. Қозғалтқыштың сутегіде қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін стендтік нұсқасын толығымен құрастырдым. Бұл жоба Көкшетау қаласының дарынды жастарымен  бірлесе жасалды

РКС: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның атынан Ұлттық делегацияны жасақтап, оның құрамына инновациялық идеялары бар талантты жастарды кіргізген болатын. Байқаудың ақтық сынында Қазақстанмен қатар Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жобалары ұсынылды. ТМД елдерінен барлығ 50 өтінім берілген.

СНХ: ӘЛИХАН ҚАЙЫР, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ: Сутекті отынмен жүретін "Toyota", "BMW" маркалы автокөліктері бар. Олардың ішінде электр қозғалтқыштары үшін ток шығаратын жасушалар бар. Бұл әр түрлі нәрсе. Бұл жағдайда резервуарға су құйылады, ол реактордың көмегімен сутегі шығарады және ішкі жану қозғалтқышының күшімен жүреді.

РКС: Тәуелсіз елдің жастары қоғамның қозғаушы күші ғана емес,мемлекеттің негізгі тірегі.

САЛТАНАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ИВАН ОДНОРОГ, БАУЫРЖАН СМАГУЛОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...