
ДИКТОР: Бүгінгі таңда 55 мыңнан астам облыс тұрғыны мүлік салығын төлемей отыр. Олардың жалпы қарызы 52 миллион теңгеден асып жығылады екен. Борышкерлерді қалай жауапқа тартуға болады? Әріптесімнің бейнематериалынан көріңіздер.
РКС: Борышкерлердің көшін Көкшетау мен Степногорск қалаларының тұрғындары бастап тұр. Целиноград, Бурабай және Атбасар аудандары да көш басында. Салық төлеушілердің қарызы 52 миллион теңгеден асады.
СНХ: АҚМАРАЛ МЕЙІРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Осыған орай, бірінші қазанға дейін салықтық міндеттерін өтемей жүрген тұрғындардың мекенжайына салықтық қарыздары туралы хабарлама жіберілген болатын.
РКС: Бірақ, кей тұрғындар сол хабарламаны назарларына да алмайды екен. Ондай жағдайда мемлекеттік кіріс органдарының мамандары қарызды өндіріп алу туралы бұйрық шығарады. Ол бұйрық мәжбүрлеп өтеу үшін жеке сот орындаушыларына жіберіледі.
СНХ: АҚМАРАЛ МЕЙІРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Сондықтан, тұрғындардың қарыздарын дер кезінде төлеулерін сұраймыз. Әйтпеген жағдайда барлық банк шоттары бұғатталып, мүлікке шектеу қойылады. 2020 жылғы мүлік салығын төлемегендердің қарыздарын өтеулерін сұраймыз.
РКС: Бұдан бөлек, Салық кодексінің 505 бабына сәйкес жеке тұлғалардың жер және мүлік салығын төлеулерін жеңілдету мақсатында өзгертулер енгізілді. 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық салу нысаны, салық базасы, ставкалары, есептеу және төлеу тәртібі сынды салық түрлері өзгертусіз біріктірілді.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ»