ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

КӨКШЕТАУЛЫҚТАРДЫҢ 83% РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУДА.

19:06, 3 маусым 2022

ДК: 5-маусым күні жалпыхалықтық референдум. Облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға «Аманат» партиясының хатшысы – Айна Мысырәлімова да қатысты.

РКС: Ата Заңның 99 бабының 33 бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл  25% -ды құрайды. 33 баптың 12 бабы Президенттік билік негіздеріне қатысты өзгертулер. Екі апта бұрын жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар мен үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысы 60%-ды құраса, бүгінгі күні көрсеткіш 83%-ды қамтыған. Дәл осындай үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстары бүгін облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлері арасында пысықталды.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҒАЗИЗОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Енгізілетін өзгерістерді біздің әріптестер  біледі, қолдайды және біз де өзіміздің Отан алдындағы міндетіміз деп білеміз. Жаңа Қазақстанның іргесін қалауға үлес қосып, барлығымыз референдумға қатысып, өз құқығымызды білдірмекпіз. Бұл да бір демократияның бір жолы деп білемін.  Сондықтанда, Жаңа Қазақстанның дамуына, гүлденуіне үлес қосу үшін әр қазақ өзінің дауысын берген дұрыс деп естеймін.

РКС: Облыстық жедел жәрдем станциясында 827 қызметкер жұмыс істейді. Ақ халатты абзал жандар Ата Заңдағы өзгерістер мен толықтырулар Жаңа Қазақстанды құрудағы игі бастама деп сенім артады.

СНХ: ӘСЕЛ ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Алдағы өтетін референдумды қолдаймын! Өзгерістермен таныстым. Бұндай өзгерістер Қазақстанға керек деп есептеймін. Өзім жанұяммен референдумға барып, дауыс береміз. Жұмыста әріптестерімізбен өзгерістерді  талдадық. Референдумға барамын!

РКС: Ең алғаш Ата Заң Америка құрама штаттарында қабылданған. Кейін Франция мемлекттік заңнамасын бекіткен. Қазақстан Республикасының Ата Заңы Францияның заңдарына сәйкес құрылған дейді мамандар. Араға 27 жыл салып, елімізде тұңғыш рет жалпыхалықтық референдум халық дауысы арқылы бекітілмек.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...