ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

17:50, 26 ақпан 2021

ДК: Ақмолалық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындық үстінде. Облыс бойынша 125 елдімекенді су басу қаупі бар. 1 наурыздан бастап өңірдегі жағдайға ғарыштық мониторинг жүргізіледі.

РКС: Бүгінде облыс бойынша 270 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасынп жатыр. Құтқарушылар су тасқынына дайындықтың барысын бақылау мақсатында  120-дан астам рейд жүргізді.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Наурыз айында департамент 10 ауданда ауқымды жұмыстар жүргізеді. Республикалық, жергілікті маңызы бар автожолдарда және теміржол бойында 4032 су өткізу құрылыстары және 566 көпір бар. Оларды уақытылы тазаламау су тасқыны кезеңінде көлік инфрақұрылымы нысандарына кері әсерін тигізеді. Жол қызметтері мен өңірдің әкімдіктері тазалау жұмыстарын наурыз айынан бастауды жоспарлап отыр.

РКС: "Қазгидромет" кәсіорнының мамандары мен құтқарушылар бірлесіп, Жабай және Сілеті өзендерінің аумақтарын аралады. Сондай-ақ, брифингте наурыз айына арналған ауа райы болжамы да айтылды.

СНХ:БАҚЫТ МАҚАЖАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///Бір айдағы орташа ауа температурасы –  5-7 градусшамасында болды. Жауын-шашын мөлшері қалыпты көлемінен жоғары. Норма 11-23 мм. Жауын мен қар түріндегі жауын-шашын көбінесе екінші және үшінші онкүндіктерде болжанады. 15-20 м/с жел бірінші онкүндіктің ортасында, көбінесе екінші және үшінші онкүндіктерде күтіледі.

РКС: Өңірде "Қазгидромет" кәсіпорнының гидробекеттерінен басқа су басу қаупі бар аймақтарда судың жай-күйі мен деңгейін тәулік бойы бақылайтын қосымша 88 бекет қойылмақ. Айта кетейік, "Көктем-2021" республикалық оқу-жаттығуы 4-5 наурызға жоспарланып отыр.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, ВАСИЛИЙВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...