ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТПАҚ

18:02, 25 ақпан 2021

ДК: Өңірде қоқыс төгетін полигон саны аз. Әсіресе, бұл мәселе шалғай аудандарда орын алған. Түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында биыл жеті ауданда полигон салынады деп жоспарланған. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында талқыланды. Сонымен қатар, жиын барысында аймақтағы өзен-көлдердің бүгінгі жағдайы қаралды. Яғни, қаладағы  Қылшақты өзені мен Қопа көліне көп көңіл бөлу керектігі айтылды.

РКС: Көл бойын жағалай өскен қамыстар суды ластап, түрлі қалдықтар жинайды. Облыстық табиғи ресурстар басқармасының мамандары осылай дабыл қағуда. Олар жыл басынан бері алдымен  Қылшақты өзенінің қамыстарын шауып, 900 метр жерді  тазалаған. Оған себеп, Қопа көлінің санитарлық-экологиялық жағдайы көбіне Қылшақты өзеніндегі ахуалға байланысты. Сондай-ақ, келелі жиында қызу талқыға түскен мәселенің бірі қоқыс полигоны. Ол мәселе аудандарда жақын арада шешімін таппақ. Себебі, жеті бірдей ауданда қоқыс қалдықтарын төгетін полигон салынады.

СНХ: РУСЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///ҚАЗ///Қазір біздің басқарма 7 жобаны жасады. Яғни 7 ауданда полигон ашу туралы жобаны аяқтап, экспертизаға тапсырдық. Ол Зеренді, Аршалы, Ақкөл сияқты аудандар. Сондай-ақ, Целиноград ауданына қарасты Қосшы, Қоянды ауылдарында полигон ашуды көздеп отырмыз. Ал, жобаның құны экспертизадан шыққасын бірақ белгілі болады. Жалпы полигондардың орташа құны халыққа байланысты есептеледі. 20 мың халқы бар жерлерге салынатын полигон құны 300 млн теңгеге жуық болады.

РКС:Бүгін де жалпы облыс бойынша 32 полигон бар. Ал, жаңа салынатын полигондардың жобасы жиын барысында талқыланды. Десе де, жаңа жобаларға қатысты бірқатар сыңдарда айтылды.

СНХ: ҒАЛЫМ БЕКМАҒАНБЕТОВ,«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ //аударма///Жобаларыңыз аяқталмаған. Бұл жерде жауапты мамандардың аты-жөні, құрылыстың қашан басталып, бітетіні де айтылмаған. Дегенмен, эколголия мәселесі өте өзекті. Осы салаға қатысты «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жаңа нормалық жобалар мен құжаттар әзірлеп жатырмыз. Соған осы мәселелерді енгізу керек.

РКС: Сонымен қатар, жауыр болған жол мәселесі де назардан тыс қалмады. Өткен жылы облыс бойынша 700 шақырым жол жөнделген. Бұл жұмыстарға 35 млрд теңге бөлініпті. Жол жөндеу жұмыстары биыл да жалғасады.

СНХ:  ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ///аударма///Өткен жылы Ақсу-Бестөбе, Балкашино-Шантөбе бағыттарындағы жолдар жөнделді. Бұл жұмыстар «Өңірлерді дамыту», «Ауыл –ел бесігі» бағдарламалары аясында жасалды. Ал, осы жылы  Атбасар-Қима, Қонысбай-Қызылсая ауылдарының жолдары жөнделеді. Қазіргі таңда ол жұмыстар жалғасуда. Осы жылға 20 млрд  теңге қарастырылып отыр. Шамамен 400 шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы жылы Заречный ауылдағы көпір құрылысы аяқталады.

РКС: Сонымен қатар, осы салаларға бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуі комиссия мүшелерінің жіті бақылауға алған. Яғни, жиын соңында жемқорлық деңгейін азайту мақсатында бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, ортақ ойлар тыңдалды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,«КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...