ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ -ПАРЫЗ

18:47, 7 қазан 2021

 

ДИКТОР: Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы басты назарда. Өңірде  әлеуметтік маңызы бар  1672 мекеме мен ұйымға пандус орнатылып, ерекше қызмет көрсетілуде. Олардың 22 пайызы білім беру саласына тиесілі.

РКС: Қазіргі уақытта облыста барлығы ерекше санаттағы 28 678 адам  тұрады. Оларға арналған нысандар көбіне талапқа сай емес немесе соңына дейін ойластырылмаған. Бір жерде арбаға арналған пандус болса, енді бірінде мүлде жоқ. 

СНХ: АЛТЫН АҚБАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ: Паспорттауды жүргізудің негізгі мақсаты әлеуметтік маңызы бар объектілерде қолжетімділік жасаудың қажетті көлемі бойынша талдау жасау, паспорттарды қалыптастыру. Айта кету керек, қолжетімді орта - бұл кешенді бағдарлама. Арбаға арналған пандус жасау жеткіліксіз. Объектіні барлық санаттар үшін: нашар көретіндер мен зағиптар үшін, нашар еститіндер мен саңыраулар үшін, тірек-қимыл функциялары бұзылған адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтар үшін қолжетімділіктің барлық түрлерімен жарақтандыру қажет.

РКС: «Жол картасы» жобасын іске асыру және әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын бақылау мақсатында облыста арнайы топ құрылды. Оның құрамына партия өкілдері, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен үкіметтік емес ұйымдардың мамандары кірді. Мониторинг жүргізу кестесі бекітілді.

СНХ: НҰРЛАН ШЕРЬЯЗДАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті өз өкілеттіктері шегінде мүгедек адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Сондықтан,  Департамент 300-ден астам тексеру жүргізді.

РКС: Өңірде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы шеңберіндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аудандар мен қалалардың бюджеттері есебінен қосымша қолдау шараларын ұсыну мақсатында 25 600 азаматтардың жекелеген санатына, оның ішінде ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарланған.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...