
ДК: Өңірде көліктік бақылау саласында 20 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті жетекшісінің бірінші орынбасары Айдос Жақиялин мәлімдеді.
РКС: Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық-басқару іс-әрекетіндегі және заңнамадағы олқылықтар аталған салада жемқорлыққа жол ашып беріп отыр. Сондықтан болар, бұл салада көз қыстылық, бармақ бастылық көп,-дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті жетекшісінің бірінші орынбасары Айдос Жақиялин. 2019 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін облыстық көліктік бақылау инспекциясы бөлімінің жетекшісіне 3,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
СНХ: АЙДОС ЖАҚИЯЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған сала тектен-тек таңдалын алынған жоқ. Оның дәйекті себептері бар. Қылмыстық статистиканың мәліметтеріне сәйкес тек соңғы 5 жыл ішінде инспекция қызметкерлеріне қатысты 96 жемқорлық қылмыс тіркелген. Бұл дәйек индустрия және инфрақұрылымды дамыту Министрлігі бойынша барлық жасалған қылмыстың 94 процентіне тең. Қылмыстық істердің дерегі бойынша 35 адам сотталған, оның 12-сі басшылық қызметтегі тұлға. Өкінішке орай, мұндай деректер біздің өңірде де бар.
РКС: Департамент анықталған 20-дан астам жемқорлық тәуекелін жою үшін тиісті ұсыныстар енгізді. Ал облыстық көліктік бақылау инспекциясы жемқорлықтың алдын-алуға қатысты мемлекеттік орган қабылдаған шаралар жайында мәлімдеді.
СНХ: МЕЙРАМ ҚОҢЫРҚАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Әрине кемшіліктер бар, оның бәрі біздің қолымызда тұрған дүние емес. Нормативтік-құқықтық жағынан көптеген олқылықтардың бар екенін мойындауымыз керек. Соған қарамастан біздің инспекция 19-20-шы жылдармен салыстырғанда біраз жұмыстың басын қайырды деп айтуға негіз бар. Барлық бағыт бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.
РКС: Көліктік бақылау саласы қызметкерлерінің арасында пара алу мен лауазымды қызметін асыра пайдалану сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мейлінше кең тараған түрі.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.