ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТАРЫ ӨЗАРА ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАДЫ

19:45, 14 қазан 2021

 

ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет колледж педагогтері арасында салалар бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.  Аталмыш шараға өңіріміздегі 3 колледждің 14 мұғалімі қатысты. Үздік деп танылғандар республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады.

РКС: Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Облыстық кезеңнің ұйымдастырушылары білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинеті. Мұндай байқаулар педагогтерге өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға, әртүрлі жабдықтарда жұмыс істеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХР: МӘДИНА ХАСЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл конкурс толығымен халықаралық стандарттарға сай өтетін болады. Бірінші кезеңде қатысушылар онлайн форматта тест тапсырмаларын орындайтын болса,  екінші кезеңінде практикалық тапсырмаларды орындайды. + 01:39-46 Барлығы өте жоғары ынта-жігермен қатысып, өздерінің оң пікірлерін білдіріп жатыр. //

РКС:  Конкурс Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет және құрылыс-технологиялық колледжі базасында өтті. Арнайы пәндер оқытушылары мен колледждердің өндірістік оқыту шеберлері «Қызмет көрсету саласы», «Көлік және байланыс» бағыттары бойынша сайысқа түсті.

СНХР: АЙШОЛПАН ЫСҚАҚОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен Көкшетау қаласының құрылыс- технологиялық колледжінде өндірістің оқу шебері болып жұмыс істеймін. Бүгін аспаздық іс біліктілігінен байқау өтіп жатыр.Мен осы байқауға өз білімімді арттыру үшін қатысып жатырмын. + 03:05-03:14 Бүгін біз хала өру техникасы бойынша тоқаш жасадық.

РКС:  Байқау қатысушыларының бірі Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Гүлжазира Хавдыразах. Жастайынан тігінге әуес болып, тігінші одан кейін киім дизайні мамандығын меңгеріпті. «Бала білімді болу үшін, ұстаз білімді болу керек»,-деген қағиданы ұстанатын оқытушы заманауи техникаларды да меңгеріп алыпты.

СНХР: ГҮЛЖАЗИРА ХАВДЫРАЗАХ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:. Киім дизайні деген мамандығыма қызығушылығым пайда ьолды. Содан кейін алған білімімді әрі қарай өзімнің шәуірттеріме, басқаларға үйрету менің қызығушылығым туды. Мен өзім ғана емес басқа балаларды даьүйретейін деген ой пайда болды. Содан кейін мұғалімдікке бет бұрып істеп жатқаныма 26 жыл болды.

РКС: Байқау қатысушылары бар білімін жастарға үйретіп, өскелең ұрпақтың саналы болуларына ат салысып жүрген, өз ісінің мамандары. Олардың ендігі мақсаты республикалық додада өңір намысын қорғау.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...