ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

КӨП ТҮКІРСЕ, КӨЛ БОЛАР

17:25, 14 қаңтар 2022

ДИКТОР: Биылғы жылды Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Одан қалды, өз мәлімдемесінде «Қазақстандық қор» ашып, науқас балалардың еміне қажетті қаражатты отандық кәсіпкерлерден жинайтын боламыз деді. Бұл сөздер көптеген жерлестеріміздің көңіліне сенім мен үміт ұялатты. Өйткені, шет елде ғана емі бар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-ана өте көп. Солардың бірі Ыбраевтар отбасы. Аутизмға шалдыққан ұлдарын емдеу үшін оларға қомақты қаражат қажет.

РКС: 8 жасар Райымбек отбасындағы төртінші бүлдіршін. Дүниеге келгенде сәбидің бойынан ешқандай ауытқу байқалмапты. Тілі уақытылы шықпағаннан кейін, дәрігерлер балада сөйлеу дамуының тежелуі байқалады, бойында басқа ақау жоқ,-деп жылы жауып қоя салған көрінеді. Ал, уақыт өткен сайын ұлдарының сөйлемейтінін, шақырса жауап қатпайтынын түсінген ата-ана дабыл қаға бастапты.

СНХ: САНДУҒАШ ЫБРАЕВА, РАЙЫМБЕКТІҢ АНАСЫ:  ЗПР деді. Сонымен жүре бердік. Сосын 5 жасында мен жолдасыма айттым жоқ бұлай болмайды. Бір сөз айтпайды. Не мама, не папа. Олай болмайды. Сонымен, 3 жыл ойы больницада жүрдік. 2021 жылы февральда бізге диагноз қойды. Аутизм деп атипичный.

РКС: Өткен жылдың қарашасында Райымбек туралы толық ақпаратты ата-анасы Грузияның Тбилиси қаласындағы клиникаға жіберіп, жақында жауап алыпты. Ондағы мамандар кішкентай бүлдіршіннің басындағы дің жасушаларын трансплантациялау бойынша ота жасауға әзір. Тек, мәселе қаражатқа келіп тіреліп тұрған көрінеді. 8 жылда көптеген дәрігерге де, емші, балгерге де барып, талай табалдырықты тоздырған ата-ана бұл мүмкіндікті жіберіп алғылары келмейді. Өйткені, грузиялық мамандар бірнеше қазақстандық аутист баланың бетін бері қаратқан екен. Өзімізде қажетті дәрігерлер болмағандықтан, бар үміт шетелдіктерде дейді, - Райымбектің ата-анасы.

СНХ: САНДУҒАШ ЫБРАЕВА, РАЙЫМБЕКТІҢ АНАСЫ:  Жиналған сумма жетпей жатыр бізге. Енді көмек халықтан сұраймыз. 14900 долларға кішкене ғана қалды.+ 01:00-01:17 – төрт жасында Түркістанға да апардық. Шошынған шығар деп.  Манкентке апардық бір үлкен ақсақал кісіге. Ол жерде 1 жұма жаттық. Ешқандай результат болған жоқ.

РКС:  Бауыр еті баласы үшін отқа да, суға да түсетін ата-ана уақыттың тығыз екенін айтуда. Ақпан айына дейін 6 мың долларға жуық қаражат жинау қажет. Көп балалы, қарапайым отбасында мұндай соманың жоқтығы түсінікті.

ИНФОГРАФИКА: Райымбекке көмектесем деген қайырымды жандар болса, мына номер арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

ГРАФИКА:

САНДУҒАШ ЫБРАЕВ: 87024251644

БУЛАТ ЫБРАЕВ: 87756882833

КАСПИЙ ГОЛД:  87756882833

ХАЛЫҚ БАНК: 87756882833

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...