ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

20:15, 7 шілде 2020

 

ДИКТОР: 2020 жылы пайдалануға берілетін  жаңа тұрғын үйлердің  жоспары бекітулі. Қазіргі таңда облыс орталығында жалпы аумағы 92476 шаршы метр болатын көпқабатты 12 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Жыл соңына дейін тағы қанша адам баспаналы болады? Өңірдегі құрылыс жоспары жайында алдағы бейнематериалда.

РКС: Көкшетауда бүгінде құрылыс қарқынды дамыған аудан – «Сарыарқа». Соңғы  жылдары оның аумағы ұлғаюда. Мұнда барлық инженерлік коммуникация тартылған. Сондықтан, көркіне сән қосылған жаңа ауданның келбеті келісті.

СНХ: БАХЫТ БАЗАРБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ///РУС// Қала әкімі биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жоспарын бекітті. Ол бойынша жалпы аумағы  194 мың 070 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілмек. Оның 16 мың шаршы метрге  жуығы кезекте тұрғандар үшін берілетін мемлекет қаржысына салынатын көпқабатты 5 үй.  11 мың 114 шаршы метр болатын 3 үй  жергілікті атқару органдарына арналған.  Ал  жеке инвесторлардың қаржысына жалпы аумағы 99300 шаршы метр болатын  көпқабатты 20 тұрғын үй салынады.

РКС: Мердігер  компания  өкілдері барлық талаптарды орындап, нысандарды  бекітілген кесте бойынша тапсыруға тырысатындықтарын айтады.

 

СНХ: АСХАТ ТӘЖМИЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///РУС////Карантин кезінде  құрылыс материалдарын жеткізуге байланысты мәселелер туындады. Бірақ  біз құрылысты тоқтатпауға бар күш-жігерімізді салдық. Алғашқы жұмыс қарқынын дәл солай жалғастыруға тырыстық.

 

РКС: Көкшетауда заманауи үлгідегі көпқабатты үйлер көбейген. Мәселен, 64 пәтерлі тұрғын үй  жер асты паркингімен бірге  салынған. Облыс орталығында құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Десе де, атқарылар іс әлі де көп. Өйткені, жыл соңына дейін тағы 100 мың шаршы метрден артық тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, АЛЬМИРА САТЫБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,  ЕРМЕК  МАХМЕТОВ,  КӨКШЕ  АҚПАРАТ. 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...