
ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды. Оның он төрті балалар. Оқиға 27-ші қаңтарға қараған түні болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық төтенше жағдай департаментінің 20 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
РКС: «Центральный» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, шырт ұйқыда жатқан тұрғындарды әбігерге салды. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, жиhаздар мен киімдер өртенген. Тілсіз жаудың неден шыққаны анықталып жатыр.
СНХ: МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өрт 21:35-те ауыздықталып, 22:35-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қатты түтін бөлінгендіктен өрт сөндіру кезінде төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 35 адамды эвакуациялады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Төтенше жағдайлар департаменті Ақмола облысының тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды тағы да ескертеді.
РКС: Айта кету керек, жыл басынан бері Ақмола облысында 50-ге жуық өрт дерегі тіркелді. Негізінен пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандықтан қайғылы жағдай орын алады.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»