ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚОРҒАЛЖЫН 2,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

17:45, 23 қараша 2020

ДИКТОР:  Биыл Қорғалжын ауданындағы 600-ге тарта кәсіпорын 2,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Оның жартысынан көбі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші субъектілер. Жазда коронавирус инфекциясы өршіген сәтте аталмыш шаруашылықтар аудандық ауруханаға 194 литр қымыз бен 125 кг сиыр етін  тегін жеткізген. Ауданның 10 айдағы  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы әріптесім Айсәуле Съезбек баяндайды.

РКС:  10 айда аудандық жұмыспен қамту орталығына 380 адам жүгініп, оның 220-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бизнесін ұлғайтуды көздеген 18 кәсіпкерге 66,5 млн теңгенің шағын несиесі берілген. Ал 17 тұрғынға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қайтарымсыз грант үлестірілген. Нұр-Сұлтан қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі аудандардың бірі болғандықтан қорғалжындықтардың көбі жеке кәсібін ашуға ниетті көрінеді.

СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ , ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ (қаз.): Биыл 1 789  млн.теңге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 111,5% құрады, негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 108,8% құрады. + 2020 жылдың 1 қарашасына аудандық аурухана 4 дәрігермен қамтамасыз етілді: 2 жалпы медициналық дәрігерлер,1- хирург, 1- тіс дәрігері. 

РКС: Қорғалжында қордаланған мәселенің бірі – ауыз су. 70-жылдардан бері жөндеу көрмеген су құбырлары біртіндеп ауыстырылып жатыр.  Аудан орталығынан ауылдарға су құбырларын тартуға биыл республикалық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді. Егер жобалық-сметалық құжаттамалар  бекітілсе, Амангелді ауылдық округіне 2023 жылға қарай су жетіп қалады,- дейді әкім. Оған дейін ауыл халқына жергілікті су тасушы  компанияның қызметіне жүгіне тұру керек.

СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ , ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ (қаз.): 2018 жылы Қорғалжыннан Өркендеуге шейін магистральді су құбыры тартылды. Енді 2019 жылы ауылдың ішіндегі әрбір үйге баратын су құбырына облыстық бюджеттен 12 млн. бөлінді. Біз сол ақшаны толық игеріп, экпертизасын алып, сол проектіні облыс арқылы республикалық бюджетке ұсынып отырмыз. Егер конкурс болып, ұтып алатын фирма болса, онда келер жылы Өркендеуде ауыл ішілік су жүйесін жөндейтін жұмыс басталады.

РКС: 2018 жылдан бері ақша бөлініп, құбыр ауылдың іргесіне дейін тартылса да, аяқталмаған мәселе бүгін-ертең де шешіле қоймайтын сияқты.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ПАВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...