ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ҚОРҒАЛЖЫН АУЫЛЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ 70 ПРОЦЕНТКЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

14:48, 11 маусым 2021

 

ДК: Қорғалжын ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Әсіресе, аудан орталығындағы жолдарға екпін түсірілген. Осы жылы орталықтағы 10-ға тарта көше жөндеу көрмек. Осылайша, аудан орталығындағы көшелердің 70 проценті қалыпқа келмек. Абзал Азаматұлы көріп қайтты.

РКС: Былтыр Қорғалжын ауылында 2 көше жөнделген. Соның бірі осы  - Тәуелсіздік көшесі болса, енді бірі  Әлия Молдағұлова көшесі. Қос көшенің біріне асфальт, біріне  қиыршық тастар төселді.  Ал, осы жылы мұндағы 7 көше жөнделеді деп жоспарланған.

СНХ: БАУЫРЖАН БАЙҚАДАМОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ///қазақша///  Қазіргі таңда 7 көшеге мердігер анықталып, жұмыс жүріп жатыр. 4 көшеге асфальт, 3 көшеге асфальт астына тас төселеді. Одан бөлек 6 көшенің құжаттары дайындалды.

РКС: Сонымен қатар, аудандағы құрылыс жұмыстары да көңіл қуантады. Үстіміздегі жылы 20 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Яғни, аудандағы әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жергілікті медицина мамандары жақын күндері қоныс тойын тойламақ ниетте.

СНХ: БАУЫРЖАН БАЙҚАДАМОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ///қазақша///  Ауылдың шетіне жаңа микрорайон сияқты 14 үйдің орнын дайындап қойдық. Биыл бірінші 33 млн теңге бөлініп. Осы жылы 2 тұрғын үйдің құрлысы басталады.  

РКС: Жергілкті билік өкілдері осы тұрғын үйлер пайдалануға берілсе аудандағы пәтер мәселесі түбегейлі шешілетініне сенім білдірді.


АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...