ШҰҒЫЛ! БАТЫР ҚЫЗ, АЙҒАНЫМ. СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

20:04, 10 шілде 2020

Диктор кадрда: Бүгінгі таңда көптеген адамдар тұмау белгілерімен ауырса да дәрігерге көрінбей үйлерінде ем алуға мәжбүр. Өйткені ауруханада орын жоқ, дәрігерлердің жұмысы бірнеше есеге артқан. Арнайы сынама  тапсырып, диагнозын білейін десе емдеу мекемелерінде тест болмады. Амалдың жоқтығынан көпшілік үйлерінде сорпа ішіп, күтініп, ем қабылдауда. Емделген жандар нақты короновируспен ауырды ма, жоқ па оны қалай анықтайды? Дәрігермен тілдесіп қайтқан тілшіміз баяндасын.

РКС: Дәрігерлер өткір респираторлы вирустық инфекция мен короновирус инфекциясын ауру белгілеріне қарап айыруға болатындығын айтады. Мысалы жай ғана тұмау ауруында мұрыннан су ағып, бітеліп, адам түшкіріп, дене қызуы көбіне 37, 37,5  градустан аспайды екен. Ал Ковид19 инфекциясын жұқтырғандарда иіс, дәм сезу болмай, тамақ жыбырлап, тағамды жұту қиындық туғызады. Сырқаттың буын-буындары сырқырап, әлсін-әлсін әлсіздік пайда болады. Короновируста науқастар көбіне кеуде тұсының ауыратындығына шағым айтады,- дейді дәрігерлер.

СНХ: АЙГҮЛ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ ДӘРІГЕРІ на русс. /Науқастарға мұндай белгілер болған жағдайда қатты уайымға салыңбаңыздар дер едім. Дәрігердің бақылауында болу керек. Ол науқасқа чек парақ береді. Емделуші үйінде қалып, 10-14 күн сол парақты толтырады. Онда дене қызуы, жөтел, демігу, қан қысымын белгілеп отырады. Сол парақтағы көрсеткішке қарап, сол адамның қандай аурумен ауырғанын анықтай аламыз./

РКС: Бүгінде дәрігерге хабарласпай-ақ үйлерінде ем алып жатқан тұрғындар өте көп. Ресми мәлімет бойынша елімізде короновирус жұқтырғандар 55 мыңға жуықтаған. Ал, тіркелмеген науқастарды қосатын болсақ бұл көрсеткіштің күрт өсетіні белгілі. Ал бір рет короновируспен ауырып, емделген адамның Ковид19 вирусын қайта жұқтыруы мүмкін бе?

СНХ: АЙГҮЛ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ ДӘРІГЕРІ /Коронавируспен ауырған адамдарда антиденелер түзіліп шығады. Олимпта антиденелердің бар жоғын анықтайтын тест бар. Ковид19 жаңадан келген вирус. Әлі зерттелу үстінде. Әзірге мамандар антиденелер адам бойында 2 ай көлемінде болады деп айтуда. Бірақ әлі зерттеліп жатыр. Ал республика және Ақмола облысы аумағында короновирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. /

РКС: Яғни, короновирустан емделдім деп арқаны кеңге салуға тағы болмайды. Антиденелер адам бойында 2 ай көлемінде ғана болады екен. Сондықтан сақтану шараларын естен шығармаған жөн.

М.АЙБАБИНА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАДЫ
20:47, 24 маусым 2021
ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...