
ДК: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық студенттер қозғалысымен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ДИКТОР+ВИДЕО: Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары сараланып, білім берудің жаңартылған мазмұнын жетілдіру және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда озық әдістерді қолданудың өзектілігіне мән берілді. Сонымен қатар кәсіби қоғамдастықтарды қалыптастыру және студенттер қозғалысы қызметінің салалары бойынша желілік өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Осы уақытқа дейін студеттер альянсы еліміздің 50-ге жуық білім ордасымен ынтымақтастық орнатқан. Өз кезегінде Абай Мырзахметов университеті де меморандум негізінде жүйелі жұмыс істейтініне сенім білдірді.
СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Сіздердің қоғамдарыңыз өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Балалардың сабақ барысын қадағалап, жатақханаға қандай жағдай бар екенін тексеріп жүрсіз. Сіздермен қоян-қолтық жұмыс істегенімізге қуаныштымыз. Алғысымды айтам. Біз сіздерді қолдауға әркез дайынбыз.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРАТ