ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТҚАН

20:53, 7 маусым 2022

ДИКТОР: Қосшы қаласына тартылған инвестиция көлемі артқан. Биыл өңірде 571 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл екі қолға бір күрек таба алмай отырған тұрғындар үшін жағымды жаңалық. Сондай-ақ, аймаққа құйылатын қаржының ұлғаюы шаһардың экономикасына да оң әсер етпек.

РКС: Қала халқының басым бөлігі елордаға қатынап, жұмыс істейді.  Көбі Қосшыға бөлек шаһар емес, астананың іргесінде орналасқан елдімекен ретінде қарайды. Нәтижесінде халық тұрып жатқан жерінде тіркелу маңызын да елмей жатады. Салдарынан, аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуына  бөгет қойылып жатыр. Бүгінде Қосшыда 54 мың адам тіркелген, ал шын мәнінде шаһарда тұрып жатқандардың саны одан 1,5 есе көп. 

СНХ: ГАЙДАР ҚАСЕНОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Халықтың су, энергия ресурстарын тұтынуын есептесек, жергілікті тұрғындардың саны 75-80 мың екенін анықтап отырмыз. Шаһар халқының көбі елордада тіркелген. Өйткені, халық астанадағы тұрғын үйдің кезегінде тұр. Олар Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан емханалардың қызметіне жүгінеді. Осының барлығы Қосшының әлеуетіне әсер ететіні анық.

РКС: Бүгінде тұрғындарды су мәселесі толғандырып отыр. Халық оның сапасы көңіл көншітпейді дейді.  Қала әкімі бұл проблема басты назарда екенін айтты.

СНХ: ГАЙДАР ҚАСЕНОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биылғы жылы Қосшы қаласының аумағында 6 ұңғыма орнатуға 153 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Осы жұмыстар жүргізілгеннен кейін қаланы сумен қамтамасыз ету мәселесі жақсарады деп сенеміз.  Орталықтандырылған сумен қамтылмаған аумақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы су құбыры желілерін салу жобасының 4-кезеңі басталады. Оған 1,5 миллиард теңге бөлінді.

РКС: Аймақтағы жол мәселесі де біртіндеп шешілуде. Шаһарда соңғы екі жылда 20 шақырымнан астам жол жөнделді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...