ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ЖАҢА БАСТАУ» ГАЗЕТІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

19:07, 17 маусым 2022

ДК: Қосшы қаласында «Жаңа Бастау» газеті жарық көрді. Оның негізін қалаушы белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бауыржан Қарағызұлы. Облыс орталығында  жаңа газет пен веб сайттың таныстырылымы өтті.

РКС: Газет екі тілде шығарылатын болады. Онда әртүрлі салаларға байланысты мақалалар жарық көреді. Таралымы 1000 дана. Басылымның негізгі бағыты әлеуметтік-экономикалық.

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ, «ЖАҢА БАСТАУ» ГАЗЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:  Шын мәнінде біз кейінгі кезде электронды БАҚ-қа мойын бұра бастадық. Ал дәстүрлі газеттің орны әрқашана бөлек. Электронды БАҚ-та  кез келген мәліметті салып,өшіруге болады. Ал дәстүрлі ақпарат құралдарында ол тасқа басылған күйінде тарих қойнауына кете береді. Газет 12 беттен тұрады.

РКС: Сонымен қатар газеттің электрондық нұсқасы да бар. Мұнда пайдаланушылар Қосшы қаласында болып жатқан жаңалықтармен таныса алады. Сала мамандарының айтуынша былтыр қала мәртебесін алған Қосшыда халықтың мерзімді басылымдарға сұранысы жоғары.

СНХ:АЙНАГҮЛ КӨҢБАЙҚЫЗЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінгі таңда Қосшшы да 54-мыңға жуық тұрғыны бар және тұрақты тіркеуді санамағанда 100 000 үстінде халық бар. Халық болғананн кейін мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізілу керек міндетті   түрде.  Қазір әлеуметтік желілердің дамыған уақыты деген мен  барлық толық қанды ақпарат әлеуметтік желіде қамтылмайды, сол себептен біз биыл бірінші рет қаламызда қалалалық газет ашып отырмыз. «Жаңа бастау » газетінің бүгінгі күнде 7 нөмері шықты. 1 – ші нөмері мамыр айында шықты содан бер халықтың сұранысы өте жоғары, жазушылардың да қатары артып келе жатыр. Қалалық газет шыққанына халық өте қуанышты. Алдағы уақытта да бұл газеттің ғұмыры ұзақ болса деп тілеймін. Газет тек Қосшы қаласында емес Нұр-Сұлтан, Көешетау қаласы жалпы Ақмола облысын қамтиды

РСК:  Басылымның атауы, мақалалардың орналастырылуы, безендірілуі жаңаша талапқа сай. Сонымен қатар мұнда тың мазмұндағы «Қосшы тынысы», «Алқа», «Нүкте мен кеңістік» айдарлары бар. Арнайы бір бетінде балалар жылына арналған материалдар жарық көреді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...