ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ

21:24, 3 тамыз 2021

 

ДК: Қоян-қолтық ұрыстан өткен ел чемпионатында жерлес спортшылар өңір қоржынын тағы бір мәрте майландырды. Қызылорда қаласында өткен байрақты бәсекеде өңір намысын 5 спортшы қорғады. Ал, 60 келіде сыңға түскен жерлесіміз Томирис Молдашеваның айы оңынан туып, ел чемпионы атанды.

РКС: Томирис спорттың осы түрімен 3 жылға жуық айналысып келеді. Осы кезге дейін ол екі мәрте ел чемпионатында топ жарған. Бұл жолыда бұрымды ару өз қалыпынан таймады. Тегеуріні мықты қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс тұрғына көтерілді.

СНХ: ТОМИРИС МОЛДАШЕВА, ЖЕҢІМПАЗ: Мен 2 кездесу өткіздім. Өте қиын болды. Бірақ барымды салдым. Жаттықтырушылардың берген тәлімінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздім деп ойлаймын. Алдағы уақыттада осындай биік белестерді бағындырам деп мақсат қойдым.

СНХ: ДАРХАН ҚАСЫМОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Алда әлі көптеген жарыстар бар. Соның бірі Қостанай қаласында өтеді. Соған міне дайындалып, жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын.

РКС: Айта кету керек, бүгінде облыс бойынша спорттың осы түрі жақсы дамып келеді. Спортшылар қатары да артан. Мәселен, қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыспен айналысатын спортшылар саны 300-ден асады. Жас сайыпқырандар алдағы бәсекелерде өңір намысын лайықты қорғайтындарына сенім мол.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...