ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИННІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ

17:21, 9 қыркүйек 2021

ДК: Ақмола облысы бойынша егіннің 74 проценті орылды. Бүгінде 3,5 млн.гектар алқаптан астық жиналған. Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бірден танап басына барып, қайнаған тірлікпен танысты. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Жақсы ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Әріптесім Абзал Азаматұлы тарқатады.
РКС: «ТНК» агрофирмасы – Ақмола облысындағы басқарушы компанияның бірі. Қармағында 15 серіктестік бар. Олардың дені астық өндеумен айналысады.  Аймаққа келген премьер алдымен осы агрофирманың «Айбат» серіктестігіне барды. Серіктестіктің негізгі бағыты – егін мен мал шаруашылығы. 7 айдың өзінде серіктестікке тартылған инвестиция көлемі 20 млн. теңге. Ал, соңғы 3 жылдағы бұл көрсеткіш 1 млрд. теңгеден асқан.

РКС: «Урожай» серіктестігінің 80 процент өнімі шетелге экспортталады. Мұнда әсіресе, ұн өндірісі қарқын алған. Күніне серіктестік 520 тонна ұн өндіреді. Осылайша, аталмыш орын жалпы елдегі өндірілетін ұнның 8 процентін қамтып отыр.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Агроөнеркәсіптік кешен – Ақмола облысы экономикасының негізгі қозғаушы күші екендігі белгілі. Содан да болар, өңір астық өңдейтін бірегей кәсіпорындарымен ерекшеленеді. Мәселен, мына «Урожай» серіктестігі өнімнің бірнеше түрін шығарады. Ал, 2014 жылы серіктестік ТМД елдері арасында астық өндейтін ең қуатты компания атанған. Бүгінде серіктестікте 3 диірмен, 3 элеватор және жем-құрама зауыты жұмыс істейді.

РКС: Үкімет басшысы Асқар Мамин серіктестіктің жұмысын жақсы бағалады. 20 жылдан астам нарыққа шыққан агрофирма тәуелсіздік тұсында құрылып, көптеген белесті бағындырған.

СНХ: БАТЫРБЕК УӘЛИЕВ, «ТНК» АГРОФИРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әр адам, әр компания осы жылы 30 жыл ішінде атқарған жұмыстарын саралап, бір нәтиже шығарады деп ойлаймын. Біз пандемияға, осы жылғы құрғақшылыққа қарамастан, биыл да жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Біздің агрофирма 20 жыл ішінде осы саладағы мықты компаниялар қатарына қосылды. Ең бастысы, біз Елбасы, бүгінде Президент тапсырма етіп жүктеген астық өндеу жұмыстарын 100 процент орындап отырмыз.

РКС: Қазіргі таңда қос серіктестіктегі қызметкерлер саны 500-ге жуықтайды. Орташа жалақы көлемі 60 мың теңге. Былтыр осы қызметкерлерге 27 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Жоба құны 225 млн.теңге. Премьер бастаған жұмыс тобы қызметкерлер баспанасына барып, жай-күйімен танысты. Ал, осы жылы ашылған «Жақсы» сауда дүкені толығымен өз өнімдерін саудалайды. Тағы бір ерекшелік, орталық сөрелеріндегі әр тауар жергілікті тұтынушыларға төмен бағада сатылады. Әсіресе, астықты өлке – нан бағасын басты назарға алған.

СНХ: БАҒДАГҮЛ НҰРЖАНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Дастарханымыздың мәзірі ол әрине нан ғой. +скл+Неше жылдан бері бізде нанның бағасы өзгермей келді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жоғары сорттағы нанның бағасы 60 теңге, қоңыр нан 30 теңге. Қолжетімді.

РКС: Жақсы ауданында бұқаралық спорт та кең тыныс алып келеді. Әсіресе,  былғары қолғап шеберлері әлемдік ареналарда атой салған. Шағын ғана бокс залынан олимпиада, әлем, Азия ойындарының жүлдегерлері түлеген. Қазіргі таңда спорт мектебінде 200-ге жуық бала жаттығады. Асқар Мамин спорт мектебінің түлектерімен кездесіп, оларға толағай табыс тіледі.

СНХ:ШОЛПАН ЕРҒАЛИЕВА, СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде бокс, грек рим  және футбол үйірмелері жұмыс істейді. Барлық балалар тегін жаттығады. Жаттықтырушылар жоғары санатты. Техникалық база жыл сайын толығып тұрады. Әр залда қажетті қондырғылардың барлығы орнатылған.

РКС: Сапар соңында премьер-министр облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа күзгі дала жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Яғни, аграрлық секторды одан әрі дамытуды жүктеді. Айталық, облыс бойынша жыл басынан бері аграрлық сектордағы негізгі капиталған құйылған инвестиция 60 млрд. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 2 есеге көп. Бұл тұрғыда өңір басшысыда осы көрсеткіштен түспей, жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ6 «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...