ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Е.ТОҒЖАНОВТЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

19:49, 15 маусым 2022

ДК: Балкондағы сиыр. Дәл осындай атаумен тұңғыш рет Ақмола облысында арнайы жоба жүзеге асты. Алғашқылардың бірі болып жобаны Степногорск қаласына қарасты Қарабұлақ ауылының тұрғындары қолға алған. Жоба аясында қала мен ауыл тұрғындары екіжақты келісімшарт жасап, ортақ түліктің жемісін бірге көреді. Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жобаға ерекшелік қызығушылық танытып, шаруалардың жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, шағын шаһардағы бірқатар өндіріс аймағын аралап, жұмыс  барысымен танысты.

РКС: Жобаның жемісін көрген жанның бірі  - Дария Лазько. Ол Қарабұлақ ауылына осыдан бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Мал шаруашылығымен айналысқысы келген ол ойланбастан осы жобаға қатысады. Нәтижесінде қала тұрғынының сиырын 6 жылға жалға алады. Ал, оған ешқандай делдалсыз тегін сүт өнімдерін тегін береді.  Жобаның тиімді тұсы екі тарапқа да бірдей,-дейді.

СНХ: ДАРИЯ ЛАЗЬКО, ЖОБАНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Жоба бойынша біз күніне қала тұрғынына 3 литр сүт береміз. Ал, сиырдан тәулігіне 10 литрдан астам сүт аламыз. Демек қалған сүт өзімізге қалады. Сондай-ақ,  жыл сайын туатын төліде бізге қалады. Ал, 6 жылдан кейін осы сиыр толығымен біздің меншікке өтеді. Қала тұрғыны өз кезегінде небәрі 2 жыл ішінде кеткен шығынды шығарып, қалған 4 жыл сүт өнімдерін тегін алады.

РКС:  Ауылдың дәмі қалада. Өз кезегінде вице-премьер Ералы Тоғжанов игі жобаны осылай деп атады. Сондай-ақ, қала мен ауылға алтын көпір бола білген шаруалар мен тұрғындарға алғысын жеткізді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен мүмкіншіліктерді де атап өтті.

СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ,  ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егер ауыл тұрғыны өзіне тиесі жерді жақсы күтіп ұстаса оған жергілікті әкімшілік тарапынан қосымша тағы 1 гектар жер телімі беріледі. Егер сіздер осындай қарқында жұмыс істесеңіздер, неге сіздерге қосымша тағы жер бермеске? Бұл тек бір жанұяға қарастырылған мүмкіншілік. Егер барлық ауыл жұмыла қатысса үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.

РКС: Бұдан бөлек, вице-премьер шаһардағы «Қазақстанның жылыжай технологиясы» серіктестігіне де бар. Бүгінде мұнда көкөністің 10-ға жуық түрі  өсіріледі.  Қазіргі таңда өндіріс аумағын кеңейту көзделген. Бұл бағытта құрылыс жұмыстары облыстық қазынадан 2,3 млрд.теңге қарастырылған.

СНХ: ВИТАЛИЙ ПРИМАКИН, СЕРІКТЕСТІК ЖЕТЕКШСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//аударма/// Сұраныс өте жоғары. Бүгінде ішкі нарықты қамтамасыз етіп отырмыз. Сондай-ақ, Ресейге де экспорттаймыз.   Бізде 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Жылыжай толығымен автоматтандырылған. Қондырғыларымыз жаңа.

РКС: Бұдан бөлек, Ералы Тоғжанов Степногорскідегі «Viamedis»  емханасының техникалық базасымен танысып, дәрігерлерімен жүздесті. Айталық, медициналық нысанға 1,1 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

 

ЕСТ.ШУМ: БАЛЫҚТАРҒА ТАМАҚ БЕРУ СӘТІ

 

РКС: Степногорск қаласында балық шаруашылығы жанданып келеді. Шаһар іргесіндегі «Прогресс агро» серіктестігінің соның айқын дәлелі іспетті.

 

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Ақмола облысында балық шаруашылығымен айналысатын серіктестіктер қатары некен-саяқ. Соның ішіндегі ең ірі шаруашылықтың бірі осы. Қазіргі таңда мұнда 100 мыңнан астам балық бар.  Серіктестік ішкі нарықты толық қамтамасыз етеді. Ендігі мақсат балықтарды шетелге экспорттау.

 

СНХ: АРТЕМ НАЗАРОВ, СЕРІКТЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ: Сұраныс жоғары. Өйткені бұл қызыл балық болып есептеледі.  Біз осы жылы 500 мың балыққа шақталған жаңа цехты іске қостық. Сондай-ақ, уылдырық тарататын 100-ге жуық балық әкелдік.

РКС: Бұдан кейін, Үкімет басшысы орынбасарының  сапары Біржан сал және Бурабай аудандарында жалғасты. Ералы Тоғжанов онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, субсидия, экспорттық әлеует сынды бірқатар өткір мәселе туралы ашық диалог орнады. Осы ретте өңір басшысы Ермек Маржықпаев аграрлы аймақтағы ахуалды тілге тиек етті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...