ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНА АҚМОЛАЛЫҚ 7 АҚЫН ҚАБЫЛДАНДЫ

21:32, 25 қазан 2021

ДК: Ақмола облысында Жазушылар Одағының бар-жоғы 6 мүшесі ғана бар еді. Енді олардың қатары тағы 7 жас ақынмен толықты. Одақтың басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет Көкшеге арнайы келіп, жас ақындарға мүшелік билетті табыстады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарында түлеген қаламгерлерге зор сенім білдірді.

РКС: Одаққа қабылданған ақындардың ішінде есімі, өлеңі көпке таңылып қалғандар да бар. Соның бірі – Мерген Тоқсанбай. Ол бірнеше кітаптың авторы. Көптеген облыстық, республикалық жыр додалардың жүлдегері. Мерген Тоқсанбай мүшелікке өтіп қана қоймай, одақтың облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.

СНХ: МЕРГЕН ТОҚСАНБАЙ, ҚР «ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Былтыр Ермек Боранбайұлына айтып "Құлагер" сыйлығын тағайындаттық. Одан бөлек 6 ақынның кітабы жарық көрді. Оның алдындағы жылы "Нұр Отан"партиясының демеуімен 7 жас ақынын кітабы шыққан болатын. 37 аудио кітап жазылды. Осының бәрі әдеби үрдіс. Осы істі алдағы уақытта жетілдіріп, дамыта түсеміз.

РКС: Иә, Одаққа қабылданған әр ақыннан өміршең туындылар күтіледі. Олар алдағы уақытта өңір әдебиетінің дамуына өзіндік үлесін қосатынына сенім білдірді.

СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жеті бірдей ақын Одаққа қабылданды. Бұл жай ғана одаққа қабылдану ғана емес. Бұл дегеніміз әр ақынның иығына батпандай жүк артылды деген сөз. Сондықтан Көкшенің топырағындағы осы ақындардан осындай сүбелі дүниелер күтілетін болады.

РКС: Жалпы Одаққа мүшелікке Мерген Тоқсанбай, Қуаныш Оспан, Серікбай Әбілмәжін, Жайнарбек Заңдыбай сияқты  танымал ақындармен қоса  Серғазы Қайырболды, Қайрат  Сейітқазин, Абылайхан Әшімхан сияқты жас ақындарда қабылданды. Енді Одақтың жаңа мүшелері сүбелі дүниелер жазып, оқырмандарды қуантатына сенім мол.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕРІК МАНАП, "КӨКШЕ АҚПАРАТ"

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...