ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

Қ.ТОҚАЕВ: БІЛІМДІ ЖАСТАР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

17:36, 12 қаңтар 2022

ДИКТОР: 2025 жылға дейін республика аумағында алдыңғы саптағы бес шетел университеттерінің филиалдарын ашуды тапсырамын. Осылай деген Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырсында білім сапасына баса назар аударды.

РКС: Ел Президентінің күні кеше халыққа жасаған үндеуінде республикадағы білім жүйесінің алдағы  даму қарқыны жайлы сөз қозғалды. Үкімет «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жалақы мөлшерін өсіру және аталмыш жобаларға қатысу мерзімін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыруға міндеттелді.

СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:  Әрине, үндеуде сапалы білімге, жастардың жұмыспен қамтылуына көп көңіл бөлінгенін байқадым. Бірақ, бұл жерде де мәселелер жоқ емес. Айталық, Қазақстан университеттері үшін жастарды еңбекпен қамту ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте, жоғарғы оқу орындарына қойылған талап: түлектердің, шамамен, 50%і өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасулары керек.

РКС: Жастар мен әлеуметтік осал топ бастамаларының іске асуына жағдай жасау да –маңызды болып отыр. Үкіметке аталмыш бағыттағы грант мөлшерін екі есеге, яғни, 400 АЕК дейін жоғарылату міндеті жүктелді.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘБДІҚАСЫМОВА,  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Әсіресе, педагогтарға арналған қосымша әлеуметтік пакет әзірлеу туралы тапсырма көңілімізден шықты. Бұл педагог кадрлар тапшы аудандар үшін жақсы жаңалық. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылатыны қуантты.

РКС: Мәлімдемеде халық тығыз орналасқан аймақтардан шыққан жастар үшін мақсатты гранттар бөлуге де басты назар аударылған. Жаңа экономиканы қалыптастыру үшін жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру маңызды. Әсіресе, техникалық білімге ерекше көңіл бөлінеді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...