ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

"КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ" ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

19:40, 4 қараша 2021

ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қарттарға арналған «Күміс университет» жобасын іске асыруға арналған шаралар кешені әзірленді. Мақсаты – жобаға қатысушылардың белсенді және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік ашу.

РКС: Егде жастағылар енді «Күміс университет» жобасына қатысып, өздерінің өзге мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ашуға мүмкіндік алмақ.  Бұл олардың әлеуметтік белсенділігін, физикалық денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауына оң ықпал етпек.   

СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:  Бұл жоба еліміздегі маңызды жобалардың бірі. Қазір республика көлемінде 7 университет осы шараны бастады. Солардың бірі –біздің университет. Бұл жобаның қоғам үшін мән-маңызы бар. Сол себепті барлықтарыңызды шараның ашылуымен құттықтаймын.

РКС: «Күміс университет» егде жастағы адамдарға қазіргі өмірге сәтті бейімделуіне көмектеседі, өзін-өзін жетілдіруге қолайлы жағдай жасайды. Олардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік дағдылар деңгейін арттырады.

СНХ: КӘРИМА ҚАНЫТАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ: Бүгінгі мереке қуаныш пен қызыққа толы болды. Өмір мүмкіндіктерге жол ашатынын ескерсек, бүгінгі шараның мақсаты да азаматтарға  белсенді өмір сүруге көмектесу. Бұл кешке ардагерлеріміздің келгені де қуантады./

РКС: «Күміс университет» өз жұмысын бірнеше бағытта жүзеге асырады. Жоба мүшелері  өз еркіне қарай ағылшын, орыс, неміс тілдерін үйреніп,  физиотерапия, құқық, экономика салаларын меңгеруге мүмкіндік алмақ.

 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...