ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:35, 4 мамыр 2021

ДИКТОР: Елдос Рамазанов Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне, Ербол Аманбаев Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің жетекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаев аппарат жиынында мәлімдеп, жаңа лауазымды тұлғаларды облыс активіне таныстырды. Жиында соңғы 4 айдағы өңірдің даму көрсеткіштері мен алдағы туристік маусымға дайындық барысы талқыланды.

РКС: Бурабай – өңірдің туризм саласындағы басты құндылығы.  Өңір басшысы Ермек Маржықпаев аппарат жиынында алдағы туристік маусымда аумақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Аймақта эпидахуал әлі тұрақсыз. Бизнес субъектілерінің жұмысын барынша оңтайландыру үшін облыс әкімі «Ashyq» қосымшасы қызметінің шеңберін кеңейтуді тапсырды.  Алдағы көктемгі егіс науқанына дайындықтың барысы да жиында пысықталды. Қазіргі уақытта тұқым қоры жеткізілді. Ауа райының әр сәтін ұтымды пайдаланып, уақытылы дән сіңіру жұмысын аяқтау маңызды, -деп атап өтті облыс басшысы.  Сонымен қатар, жиында білім басқармасының жетекшісі Бейбіт Жүсіпов ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық жайлы баяндады.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...