ШҰҒЫЛ! КӨКШЕ ТӨРІНДЕ «ЖАУЖҮРЕК» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

19:14, 21 шілде 2021

 

ДК:Ақмолалықтар ала таңмен таласа тұрып, айт намазын оқыды.Елдегі эпиджағдайға байланысты биыл діни рәсім мешіт ауласында өтті. Десе де құлшылық жасауға келген қарашаның қарасы қалың. Олардың қатарында әріптесім Абзал Жұмабек те бар.

РКС:Құрбан айт – ізгілік пен мейірімділіктің мерекесі. Көкшетаулықтар да жылдағы дәстүрге сай ұлық мейрамды ерекше салтанатпен қарсы алды. Құлшылық жасап, құрбан шалды. Айталық, осы жылы карантинге байланысты құрбан шалу қашықтан жүргізілді.

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ: Қазіргі уақытта Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының «Құрбан 2021» сайты іске қосылды. Сол сайтқа кіріп әрбір азамат құрбандыққа шалатын малын таңдай алады. Тапсырыс беру осы 3 күнде жүзеге асырылады.

РКС:Иә, Құрбан айт 3 күнге жалғасады. Дәл осы үш күн ішінде кез-келген мұсылман игі амалдар жасап, құрбан шала алады. Бүгінде қаладағы мал базарына төрт түліктің барлығы жеткізілген. Ал, қасапшылардың сөзінше құрбандыққа көбіне қой малы шалынатын көрінеді. Десе де, осы жылы малдың осы түрінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда бірқатар өскен. Мәселен....

СНХ: СӘУЛЕ МӘКІШОВА, МАЛ БАЗАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі қойдың бағасының ең қымбаты  70-80 мың теңге болса, ең арзаны 45 мың теңгені құрайды. Мал базарында бірнеше орын дайындалған мал соятын. Әрбір малдың құжаты мұқият тексерілуде.

РКС:Тағы бір ақжолтай жаңалық. Игі мерекеде өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қамқорлық жасалмақ. Жергілікті дін өкілдерінің сөзінше, құрбандықтан түскен мал еті осы топтағы жандарға үлестірілмек.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:42, 24 қыркүйек 2021
ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
18:05, 24 қыркүйек 2021
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
СҮТ КӘСІПОРНЫНДА "ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
18:03, 24 қыркүйек 2021
СҮТ КӘСІПОРНЫНДА "ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ФИЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»  БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
16:20, 21 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖА...
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...