ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ҚҰРБАНДЫҚ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ШАЛЫНДЫ

19:09, 3 тамыз 2020

ДК: Елдегі карантиндік шектеулерге байланысты биыл құрбандық шалу онлайн  тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылды. Облыс бойынша 400-ден аса ақмолалықтан тапсырыс келіп түскен. Нәтижесінде 27 сиыр, 379 қой, 9 ешкі құрбандыққа сойылып, еті 2300-ден аса мұқтаж отбасыға таратылды. 

РКС: Құрбан айт - исламдағы ең ұлық мерекелердің бірі. Айтулы күнде мешіттерде адам қарасы қалың болатын. Биыл олай емес. Мұнда тек мешіт қызметкерлері мен құрбандық етін тарату үшін жасақталған еріктілер тобы ғана жиналған. Айттың алғашқы күні-ақ, құрбандық шалуға 65 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 11 қой, 48 тоқты, 6 ешкі сойылған. Тапсырыс берушілерге бейне есеп жасалды,-дейді бас имам.

СНХ:  ҚУАНЫШ ҚАЖЫ СӘБИТ, НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ///қазақша:///Облыс бойынша 170 отбасы етке тапсырыс берген екен. Соның 30 отбасы Көкшетау қаласынан. 

РКС: Көкшетау қаласы бойынша құрбандық тек «Бижан» ет комбинатында шалынды. Себебі, өз қасапшылары және етті сақтау мүмкіндіктері бар. Сөйтіп, онлайн құрбан шалу адам қарасының көп жиналмауына ықпал етті. Бұрынғыдай етке мұқжаж жандар да мешітке ағылмады. Оларға етті волонтерлардан құралған арнайы жасақ тізім бойынша таратты.

СНХ: КҮЛӘШ ДОСМАҒАМБЕТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///қазақша: Құрбан айт бәрімізге жақсылық берсін. Аман-есен болайық. Рахмет. Жұмысымыз жемісті болсын. Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын. Жаман аурудан аман құтылайық. Бірінші рет алып отырмын. Рахмет сіздерге, бастарыңыз аман болсын. //

РКС: Құрбан айт –қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленетін күн. Айта кетейік, құрбан айттың үш күнінде облыс бойынша 415 мал сойылып, еті 2304 адамға қайырымдылық ретінде таратылып берілді.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...