ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

КУРОРТТЫ БУРАБАЙ КЕНТІНЕ АПАРАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

19:08, 3 тамыз 2020

ДК: Биыл Көкшетаудан бастау алатын бірнеше бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтуде. Оған 3,5 миллиард теңге қарастырылған. Бір қуантарлығы мердігер компаниялар жұмысты өз мерзімінен бірнеше ай бұрын аяқтап, тапсыруда. Курортты Бурабай кентіне апарар жол да соның қатарында. 

РКС: Көкшетаудан тікелей Бурабай кентіне апаратын жол қазір айнадай жылтырап тұр. Биыл 10 шақырымына орташа жөндеу жүргізілген. Жолдың жиегі де көңілге қонымды,-дейді мамандар. Енді жаңа салынған асфальтпен таулы-орманды, шипалы бұлағы, әсем көлі бар курортты аймаққа демалушылар жоғары жайлылықпен жүйткіп жете алады.

СНХ: ТАЛҒАТ ЕРМЕКОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МАМАНЫ   ///аударма: Бұл 3-ші санатты жол. Бұған дейін оның тоз-тозы шыққан, ойлы-қырлы, жарықшағы көп болатын. Ресеймен ынтымақтастық форумына дайындық және курортты аймақты дамыту бағдарламалары аясында бұл жолды қалыпқа келтіріп, жөндеу жүргізу ұйғарылды. Жалпы, Бурабай аумағында жөндеу жұмыстарын жылда жүргіземіз. Биыл Бурабайға тікелей апаратын жолдың 10 шақырымы жөнделді. ///

РКС: 10 шақырымдық жолдың жөнделуіне 211 миллион теңге бөлінген.  Жұмысты «Көкшетау жолдары» серіктестігі жүзеге асырды. Барынша жоғары сапалы материалдарды қолдануға тырыстық,-дейді мердігер компания өкілі. Карантиннің ықпалы болар, сапарлаушылар аз болып, жолды жөндеу жұмыстары мерзімінен 3 ай бұрын аяқталған. 

СНХ: МИХАИЛ ЩЕТИНИН, «КӨКШЕТАУ ЖОЛДАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ УЧАСКЕ ЖЕТЕКШІСІ///аударма: Было предусмотрено фрезирование существующего покрытия...Жолдың беті қабатын жоңғылау арқылы қырып, оны жолдың жиегіне пайдаландық. Ал, жаңа жолға алдымен тегістейтін қабат құйып, маститті қиыршық тас пен асфальт-бетон жабындысын төседік. Жұмыс мамырдың 1-інде басталған. Шілденің соңына жетпей аяқталды. ///

РКС: Жолдың сапалы орындалуын тапсырыс берушімен қатар «Ақмола-адалдық алаңы» кеңсесінің өкілдері өз бақылауларына алған. «Талапқа сай» деген қорытынды жасалды. Айта кетейік, биыл, республикалық маңызы бар 87 шақырымдық жол орташа жөндеуден өтуде. Олардың барлығы дерлік Көкшетаудың айналасындағы жолдар. Оған 3,5 миллиард теңге бөлінген. Барлығы 7 нысан. Бүгінде оның екеуі тапсырылды.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...