ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

17:56, 28 мамыр 2020

 

ДК: Тұрғын үй құрылысындағы отандық өнім үлесі 90 процентті құрайды. Құрылыс қарқынының жыл санап артып келе жатқанын ескерсек, бұл жоғары көрсеткіш. Биыл Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 жалдамалы және жеңілдетілген несиелік 12 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Осы мақсатқа 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Өзімізде өндірілген құрылыс материалдары қандай? Шетелден алуға тура келіп отырған өнім түрлері қайсы? Тілші тарқатады.

 

ГРАФИКАҒА ТЕКСТ:  Өңірде кірпіш өндіретін 9 кәсіпорын қызмет атқарады. Оның алтауы маусымдық. «Енки», «Астана Керамик» серіктестіктері мен Ерейментау кірпіш зауыты жыл бойы қызмет атқарады. Олар жалпы көлемі 145 миллионнан астам кірпіш өндіреді. Темірбетон конструкциялары өндірісімен – «Регион-Строй»,  «Көкшетау жолдары»,  «Намыс» кәсіпорындары айналысады. Көкшетау цемент зауыты да өңір нарығындағы іргелі өндіріс ошағы.  

ГРАФИКА:

ҚҰРЫЛЫС НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ КӨЛЕМІ – 90%

Кірпіш өндірісі – 9 зауыт

  1. Жыл бойы қызмет атқарып отырған – 3 нысан

«ENKI» ЖШС 

«Astana Ceramic» ЖШС

Ерейментау кірпіш зауыты

  1. Маусымдық қызмет атқаратын – 6 нысан

Жылына 145 млн. кірпіш

Темірбетон конструкциялар өндірушілер

«Регион-Строй» ЖШС

«Көкшетау жолдары» ЖШС

«Намыс» ЖШС

Цемент

Көкшетау цемент зауыты

 

СНХ: АНАТОЛИЙ МИТРОФАНОВ, «КӨКШЕТАУГОРСЕЛЬПРОЕКТ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///русс/// Республика аймақтары арасында Ақмола облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі ортадан жоғары. Айталық, Алматы, Астанамен салыстырғанда бізді тежеп тұрған не?! Бізде құрылыс материалдары саласында өндірістік база жеткілікті дамымаған. Біз өз қызметімізде бұл мәселеге көңіл бөлеміз. Жобалық құжаттарда отандық өнім қолданысына басымдық беру арқылы өңірдегі құрылыс материалдары өндірісінің дамуына ықпал етеміз.  

СНХ: РАУАН ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//РУСС/// Жалпы, 2025-2030 жылға қарай біз құрылыс нарығындағы отандық өнім көлемін 100 процентке жеткіземіз деген ойдамын. Бұл саладағы негізгі мәселе – өндіріс құрылғыларына келіп тіреледі.

Ол негізінен шешімін тапты. Қалған 10% - қыш тақтайша, линолеум тәрізді заттар. Олар Ресей мен жақын шет елдерден келеді. Бізде өкінішке орай, бұл материалдар өндірілмейді. Сырттан сатып алуға мәжбүрміз. Ал, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы құнында аталған нысандарды жабдықтауға жұмсалатын қаржының үлесі басым екенін ескеру керек. 

 

РКС: Білім беру және денсаулық сақтау нысандары құрылысында отандық өнім үлесі аз. Мысалы, қазір Көкшетауда онкологиялық аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны – 2,6 миллиард теңге. Оның 1,8 миллиарды еуропалық құрал-жабдық сатып алуға жұмсалады. МРТ, КТ, рентген, маммографиялық құралдар елімізде өндірілмейді. Яғни, жоба құнының 70 проценттен астамын шет елдің экономикасы еншілейді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ. АБАЙ ТӨЛЕГЕН. КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...