ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ҚҰТ ҚОНҒАН ҚОСТАНАЙ» КӨРМЕСІ

19:07, 7 қазан 2021

 

ДИКТОР:Көкшетауға Қостанайдың тарихи өлкетану мұражайы келіп,көрме ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы өңірлерінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету.

РКС: Қостанай тарихи-өлкетану мұражайы еліміздегі ең көне музейлердің бірі. 1915 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде мұражай қызметкерлері тарихи-мәдени мұраны дамыту және көпшілікке көрсету үшін үлкен жұмыс жасады. «Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы 2021» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыс орталығы тұрғындарының назарына «Құт қонған Қостанай» көрмесі ұсынылды.

СНХ: САУЛЕ ӘЗІМЖАНОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл залда біздің облыстың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын экспозициялар ұсынылған. Мұражай қорындағы жұмыстар қойылған. Бұл Қостанайлық авторлардың да, танымал суретшілердің де жұмыстары. Мұнда біз сіздерді көрікті жерлерімізбен таныстырамыз – бұл Наурызым қорығы.

РКС: Биыл Қостанай облысы 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты көрмеде аймақтың ұлы тумалары да ұсынылған. Таңғажайып экспонаттар ретінде минералдардың сирек үлгілері, қола дәуірі мен ерте темір ғасырының тас ғасырының бірегей археологиялық олжалары алынды. Сондай-ақ қазақ жауынгерлерінің қаруы-батырлар.

СНХ: НАЗИМА ОТАШЕВА,ҒЫЛЫМИ ХАТШЫ: Бұл Айтпай батырдың бюсті. 18 ғасырда ол тәуелсіздік үшін жоңғарлардың шапқыншылығынан Отанын қорғады. Сарыкөл аудан орталығында дүниеге келген. 2011 жылы біздің мұражайдың қорында оның шлемі пайда болды. Ал Айтпай батыр Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

РКС: Көрмеге музейдің көркем топтамасының раритеттері қойылған. Қазақстандық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар мен жетекші шеберлерінің туындылары да қойылған.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ , АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...