ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

19:19, 15 қазан 2019

Еліміз бойынша жарияланған «Қыз болашағы – ел болашағы» атты онкүндік аясында Көкшетау қалалық үлгілі қазақ кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Қыз баланың тәлім-тәрбиесіне арналған шара Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанынан құрылған «Аналар кеңесінің»  қолдауымен өтті.       

Тәрбиелі қыз өсіру - елінің салиқалы ұрпағын тәрбиелеу. Осы ойды қыздарға сіңіруді мақсат еткен шарада қыз баланың әдеп ережелері тақырыбында баяндамалар оқылып, өзара талқыға түсті. Қыз баланың тәлім-тәрбиесіндегі ерекшеліктер ортаға салынып, қазақ анасының  бейнесі ашылды.        

АЙНАГҮЛ ЖАЗИЕВА, №17 ОРТА МЕКТЕБІ ЖАНЫНДАҒЫ «МӘНШҮК» ҚЫЗДАР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Біздің ұлтымыздың санасының қалыптасуына, тәрбиелі болуына, саналы ұрпақ болуына осы қыздардың үлесі зор. Сондықтан да, бүгінгі күні осындай іс-шараның болып жатқаны өте қуанышты деп есептеймін. Қаншама тәлім-тәрбие, қаншама іс-шара осы декада аясында өтіп жатыр. Күнде деп айтуға болады осы мерекеге қатысып жатырмыз. Мектебімізде де үлкен іс-шара өтті. 

Дөңгелек үстел ашық түрде өтіп, шығармашылыққа да жол беріліп қыздар өлеңдерін оқыды. Жас қыздар клуб жетекшілеріне көкейіндегі сұрақтарын қойып, психолог мамандардан кеңес те алды. Мамандар әсіресе қазіргі кездегі қыз тәрбиесінің  өзектілігін айта келе, қыз өсіруде отбасының маңызы зор, -дейді.

ӘСЕМ ӘБДІРАЙЫМОВА  «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Өте өзекті, бірақ та мәселе көп қазіргі кезде. Мен ойлаймын сөйте тұра түрлі ұйымдар, мектептерге ата-аналар ауыртпалықты артпай-ақ ең бірінші бала тәрбиесі, қыз тәрбиесі отбасынан бастау керек. Ата-ананың өзінен бастау керек. Қазір өте қиын жас отбасылармен жұмыс істеу мектептерде. Оқушалар емес ата-аналармен жұмыс істеу қиын боп тұр ғой қазіргі кезде. Сол ата-ана әлі де  өзін өзі тәрбиелеуге мүмкіншілігі бар.

Кітапхана төрінде көрме де ұйымдастырылып, оған қыздарға арналған кітаптар мен басылымдар қойылды. Қыз баланы тәрбиелеу барша қоғамның міндеті. Сондықтан да, мұндай шаралардың көптеп өтіп, инабатты қыз өсірудің маңыздылығын насихаттау негізгі мақсат дейді ұйымдастырушылар.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...