
ДК: Көкшетауда ХІІ «Махамбет» мен ХХІІІ «Абай оқулары»облыстық байқауы өтіп жатыр. Сайысқа 143 оқушысы қатысуда. Оқушылар Абай мен Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындайды. Сонымен қатар эссе жазу және арнау өлеңдерін оқу номинациялары бойынша бақ сынайды.
Интершум: Өлең оқиды.
СНХ: ЖАМБЫЛ МҰҚЫШ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ, КЕҢ АУЫЛЫ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Маған Абайдың өлеңдері қатты ұнайды. Әрі жаттау ыңғайлы. Өлеңдерінің мағынасы бар. Жалпы жүрееке жақсы әсер етеді.
СНХ: МАДИНА ІЛИЯС, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ, КЕҢӨТКЕЛ АУЫЛЫ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін қатты ұнатамын. Оның әртүрлі тематикада өлеңдері бар.++скл+++ 01:22 Бүгін 35 өлең жаттап келдім. Исатай туралы, халық туралы өлеңдері.
РКС: Байқауға Көкшетау, Степногорск, Қосшы қаласынан және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының оқушылары қатысып жатыр. Абай оқулары 6, Махамбет оқулары 3 номинация бойынша өткізіліп отыр.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Сайысқа 143 оқушысы қатысып жатыр. Мақсаты – оқушылардың арасында Абайдың, Махамбеттің шығармашылығын насихаттау. Олардың бойында отансүйгіштік, ұлт жандылық, елін, жерін сүйетін азаматтарды тәрбиелеу. Жалпы эстетикалық тәрбие беру.
РКС: Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар Абай оқуларынан 1 орынға иеленген оқушылар Республикалық кезеңде аймақтың намысын қорғайды.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ