ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ

17:29, 4 мамыр 2021

ДК: ІІ Дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен майдангердің бірі – Асылбек Дәулетов. Ол 1943 жылы небәрі 17 жасында соғысқа аттанып, қанды қырғынға қатысқан. Ақмола облысының құрметті азаматы Асылбек Дәулетов 3-ші Украин майданы құрамында Венгрияны азат етуге атсалысты. 100-ге жақындаған абыз ақсақал сол бір сұрапыл жылдарды күрсініп еске алады.

РКС: Әуеден шабуыл жасаудың қыр-сырын жетік меңгерген сарбаз Карелия дейтін түбекте соғысқан. Сұм соғыс Асылбек атаға ауыр тиді.  Әкесі мен екі ағасы қаза тапты.

СНХ: АСЫЛБЕК ДӘУЛЕТОВ, МАЙДАНГЕР///қаз.///03:44  1943 жылдың тамыз айынан бастап 1944 жылдың мамыр айын дейін Щелковода лыжимен 50-60 километрдей жүріп, сол қардың үстіне қонамыз, жатамыз. Сондай біз қиыншылық жағдай, біз қыс бойы  жүрдік. Самолеттен секірдік. 05:25 Ол кезде жаспыз ғой. Көп нәрсені білмедік. Қорықтық. Бірақ қорыққанда қайда барасың. Сол халықпен бірге боласың. 

РКС: 96-ға келген қария өткен күннің елесіндей болған мына альбомдағы фотоларды жиі қарайды. Финдермен соғыс кезінде ротадағы 50 сарбаздың ішінен небәрі жетеуі ғана тірі қалыпты.

СНХ: АСЫЛБЕК ДӘУЛЕТОВ,  МАЙДАНГЕР///қаз./// 08:37 Онда қиын, кімнің қайда жүргенін білмейсің. Біз фронттың қайда екенін білмейміз. Ылғи ағаш. Онда бізде алаң деген болған жоқ. Сондай қиын жерге апарды ғой. Мен бір финді көрдім.200-300 метр жерде  қашып кетіп бара жатыр екен. Әлгіні атайын дедім де қимадым. Атқан жоқпын. Сол кетіп қойды. 15:20 Сол бізге хабар келді кейіннен. Больше не будем воевать деп. Сол жерден бізді алып кетті. 17:04 Жас ұрпаққа айтатынымыз біздің көрген қиыншылығымызды көрмесін. Біз ғұмырдың қиыншылығынан өттік. Балалық шақтың өзін көрмедік. Біздің көргенімізді бүгінгі балалар көруге тіисті емес. Тек қиын болған екен дегенді естіп ,сондай сочувствия болса болды.

РКС: Жауынгер «1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен және  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

STAND-UP: ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ/// Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде қан майдан шебінде 1 миллион 200 мыңға жуық қазақстандық шайқасты. Ал Ақмола облысынан соғысқа 83142 адам аттанса, оның 71-і Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Осынау қиын-қыстау кезеңде ақмолалықтар азық-түлік, киім-кешек, әскери техника мен оқ-дәріні де жөнелтіп, Жеңісті жақындатуға барын салды. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгістің аяқталғанына 76 жыл өтсе де, күллі елдің жадында өшпес із қалдырды. Ұрпақ жадында батырлардың есімі мен ерлігі ұмытылмақ емес.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...