ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ

20:05, 26 қазан 2021

ДИКТОР: Макинск Жылу оқшаулау зауыты 13-ші туған күнін атап өтті. Бүгінде кәсіпорын айына екі жарым мың тонна дайын өнім шығарады. Яғни  жоспарланған жобалық қуатына толығымен шықты. Өз өнімдерін тек республика аумағына ғана емес, Орта Азия мен Ресейге де экспорттайды.

РКС: Зауыттың Қазақстандағы жылу оқшаулағыш материалдардың ірі өндірушісі ретінде қалыптасуы Бұланды ауданының өркендеуіне айтарлықтай әсер етеді. 

СНХ: ЖАСҰЛАН МҰХАМЕДЖАН, МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Екі жүзден астам жұмыс орны құрылды. Бұл еуропалық деңгейдегі заманауи, орталық және Орта Азияда итальяндық жабдығы бар жалғыз желі. Біз өндіретін өнім-базальт талшығынан жасалған табиғи өнім, бүгінгі күні нарықта үлкен сұранысқа ие.

РКС: Кәсіпорынның өндіретін өнімін кеңейту жоспарлануда. Бұл құрылыс секторының импортқа тәуелділігін төмендетуге және отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге қызмет етеді.

 ИНТЕРШУМ

РКС: Атаулы күнге орай зауыт қызметкерлері үшін аудандық мәдениет үйінің әртістері концерт ұйымдастырды. Іс-шара барысында аудан әкімі мен кәсіпорынның бас директоры үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...