ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

МАҚСАТ – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ АТҚАРУ

20:19, 11 мамыр 2022

ДК: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы – Дархан Жазықбаев іс-сапары барысында өңірдің жас мемлекеттік қызметшілерімен және жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысып, қала әкімдігінде азаматтарды қабылдады.

РКС: Жас мемлекеттік қызметшілер мен жоғары оқу орындары студенттерімен кездесу мақсатында агенттік төрағасы облыстық жастар-ресурстық орталығына арнайы барды. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, агенттік тарапынан жас мамандарды мемлекеттік қызметке іріктеуді жеңілдету бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалған. Мәселен, жоғары оқу орындары мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы жоғары деңгейді көрсеткен жас маман иелерін аудандық және ауылдық деңгейдегі төмен лауазымдарға конкурстан тыс негізде қабылдау ұсынылған.

СНХ: ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  Бұнда жыл басынан бастап мемлекет басшысы агенттіктің алдына біршама тапсырмалар қойған болатын. Осы тапсырмаларды түсіндіру және жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар бірінші кездегі мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету, одан шығуды, одан кейін меритократия қағидатын ілгерлету бойынша, одан кейін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша, сонымен қоса осы жақын арада қабылданған мемлекеттік аппаратты бюракратиядан арылту бойынша жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

РКС: Жастармен кездесуде Дархан Жазықбаев: «Болашақта орталарыңызда мемлекеттік қызметке келемін деген жастар болса, менің сіздерге айтарым – басты мақсат – үлкен бастық болу емес, ел игілігі үшін қызмет атқару болуы керек. Жеке мансаптық амбицияларға емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерге негізделуі тиіс», – деп атап өтті.

СНХ: МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  Бүгінгі күні Ақмола облысының жастарымен, жас мемлекеттік қызметшілермен және ендігі жас болашақ мамандармен студенттермен біздің жастар ресурстық алаңында кездесу өткізген болатын. Кездесуге 100-ге жуық жас азаматтарымыз қатысып, өздерінің толғандырған сұрақтарына жауап алған болатын. Барлық сұрақтарға мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы жауап беріп, жастармен жақсы сырлы сұхбат жүргізді.

 

РКС: Сонымен қатар, агенттік төрағасына мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік бағдарламалар, гранттар, жеңілдіктер, ипотекалық несиелендіру бойынша тегін әрі шұғыл консультативтік көмек қызметтерін көрсететін Көкшетау қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысы ұсынылды.

ИНТЕРШУМ: қала тұрғынының сұрағынан үзінді

Үйді жиенім алып, соның атында тұр. Бірақ ол үйде тұрған емес. Алғашқы күннен бастап ол үйде мен отбасыммен тұрып жатырмын.  Ендігі кезекте осы үйді менің атыма жазып берулеріңізді сұраймын?!

РКС: Агенттік төрағасының қабылдауында қала тұрғындары жер мәселесін көтерді. Сондай-ақ, тұрғын үй мен «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасына қатысты сұрақтар талқыға салынды. Кездесуге қала әкімі қатысып, кеңес берді.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Біз бірге барамыз сотқа. Ал біз айтамыз: «Біз білеміз. Иә, міне мына кісі тұрған деп айтамыз. Красный-Яр әкімдігінен қажетті қағаздарды аламыз. Барлық құжаттарды тапсырамыз да, қарсы емес екендігімізді айтамыз.

 

РКС: Агенттік төрағасы жергілікті халық тарапынан туындаған сұрақтар бойынша, түйткілді сұрақтарды шешу үшін агенттіктің аумақтық Департаментіне бірқатар тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, іс-сапар соңында Көкшетау қаласының және Бурабай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...