ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СУБСИДИЯЛАУҒА 4,5 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

13:33, 23 ақпан 2021

ДК: Өңірде мал шаруашылығын субсидиялауға төрт жарым миллиардтан астам теңге бөлінді. жыл сайын аймақтың 800-ге жуық ауыл шаруашылығы кәсіпорны мемлекеттік қолдаудың шарапатын көріп отыр.  

РКС: Субсидиялау мал шаруашылығы саласының 30 бағыты бойынша жүзеге асырылады. Бүгінде мемлекеттен қаржылай қолдау алуға өтінім беру қызметі толығымен автоматтандырылған. Ол үшін арнайы subsidy.plem.kz. ақпараттық жүйесі құрылды.

СНХ: ҚАЙРАТ КӨШЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Субсидиялау мәліметтер форматына ауыстырылды. Мұның құжаттарға қатысы жоқ. Яғни, бұл жұмыс әкімшілік кедергілерді азайту аясында жүргізіліп отыр. Өтінім беруші жүйеге кіріп, ақпаратты көрсетсе жеткілікті. Сол жерден олар мәліметті енгізе алады. Құжаттарды әрі-бері тасымалдаудың қажеті жоқ. Ол үшін компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба керек. Сол арқылы осы жүйеге тіркелсе жеткілікті. Содан кейін жеке тұлға өтінім бере алады.

РКС: Өтінімді жүйеге енгізу кезінде барлық мәліметтер автоматты түрде субсидиялау жүйесімен тексеріледі. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға қатысты қаржы аударымдары қатаң бақылауға алынған.

СНХ: ӘДІЛБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Департамент тексерулер жүргізген кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік органдардың тиісті деңгейде төлемеген қаржыларының өтелген сәттері де болды. Белгілі бір қаражаты толық алынбаса немесе біздің азаматтар әкімшілік жасанды кедергілерге тап болған жағдайда өз құқықтарын қорғау үшін біздің департаментке шағымдана алады.

РКС: Өткен жылы субсидияларды толық төлемеуге қатысты 38 арыз түскен. Оның 9-ы расталып, қаражатты өтеу туралы шара қабылданды. Бүгінде субсидия алуға 1 мыңға тарта ауыл шаруашылығы субьектісінен 2700-ден астам өтінім берілген.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...