ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ

19:46, 27 қаңтар 2021

Жүргізуші: Ақмола облысына мал шаруашылығы мен ет өндірісіне бөлінген субсидия жеткіліксіз. Биыл бұл мақсатқа жылдағыдай 4,6 миллиард қарастырылған. Алайда, өткен жылдың өзінде қосымша қаржы бөлу арқылы ақыры шаруаларға 9,4 миллиард теңге көмек берілген. Биылға қажетті қаржы тіпті 3 есе көп. Сондай-ақ, облыста субсидия мүлдем қарастырылмаған бағыт та бар.        

Тілші: Биыл Ақмола облысындағы шаруашылықтар мен кәсіпорындардың субсидияға қажеттілігі 13 жарым миллиард теңге. Ал бюджетте қарастырылғаны - 4,6 миллиард. Сондықтан кәсіпкерлер жылдағыдай қаржыға қол жеткізе алмай қаламыз, - деп алаңдаулы.

СНХ: БАЯН СКОВОРОДНИКОВА "ФЛАГМАН-АГРО" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ

(Аударма) Бұл жағдай жыл да қайталанады. Былтыр 9,4 миллирад теңге берілді. Алайда, бұл барлығына жеткен жоқ. Мемлекеттік қолдаусыз қалғандар бар. Себебі субсидияға өтініш басқармада ақша болғанда ғана қабылданады. Субсидияның кейбір түрлері мерзімге байланысты. Уақыт өтіп кетсесін, ала алмай қалғандар да болды.  

Тілші: Манат Көшкенов бірнеше жыл бұрын мал шаруашылығымен айналыса бастады. Мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін дамытуды жоспарлады. Алайда, шығыны көп. Сондықтан мал санын ұлғайта алмай отыр.   

СНХ: МАНАТ КӨШКЕНОВ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

(Аударма) Мал азығы қымбат. 1 қаптың құны 3 мыңға жетіп қалады. Ал күніне 6-8 қап мал азығы керек. Бір республикада тұрамыз, демек бизнеске жағдайды да бірдей жасау керек. Көрші облыстарда мал азығына субсидия бөлінеді. Ал Ақмолада жоқ.   

Тілші: Бұл мәселе түрлі алаңдарда көтеріп жүр. Жақында өңірлік кәсіпкерлер палатасына 33 шаруашылықтан ұжымдық арыз келіп түскен.

СНХ: ЖҰЛДЫЗАЙ ӘУБӘКІРОВА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

Малдардың жем-шөбіне жергілікті бюджеттен қарастырылған көмек. Бірақ Ақмола облысы бойынша мал азығына қаржы бөлінбейді жыл сайын. Және де ол жаңағы өнімділікті арттыруға кедергісін тигізеді.  

Тілші: Қаржы тапшылығы бюджетке байланысты. Мамандардың айтуынша, бастапқыда белгіленген сомма жылдан-жылға өзгеріссіз ауысып келеді.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

(Аударма) 2014 жылдан бері бюджетте қарастырылатын субсидия көлемі өзгерген жоқ. Ал өндіріс, мал саны еселеп ұлғайды. Сондықтан жыл да осындай мәселе. Былтыр Үкіметтен қосымша қаржы бөлу арқылы шешілді. Биыл да сұрап отырмыз. Министрлік те, Мәжіліс депутаттары да біледі. Мәселе оң шешіледі деп үміттенеміз. 

Тілші: Ал мал азығына биыл да субсидия берілмейді. Жауапты мамандардың айтуынша, оған облыстық бюджетте қаражат жоқ.  

ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар